Previous Page  79 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 352 Next Page
Page Background

79

Нұх пайғамбар (а.с.)

күн көріс мүмкіндігін береміз. Бірақ көп ұзамай (бұл

өмірден өткен соң бұрынғы кәпірлер сияқты олар да)

біздің күйзелтуші азабымызға ұшырайды»

130

,

дейді

.

Кеме тоқтағаннан кейін, жер бетінде тек иман

келтірген жандар ғана болды. Бұл хазірет Нұхтың

үмбеті үшін ғажайып түстей еді. Олар Хақ тағаланың

нәсіп еткен «амандық, бейбітшілік, берекет» аясын-

да жер бетінде құдды жаннатта жүргендей күй кешті.

Құлшылықтарын алаңсыз атқарды, бір-бірлерімен тату-

тәтті өмір сүрді. Бұл бірнеше ғасырға жалғасты.

Кейбір деректерде Нұх кемесі теңіз бетінде алты

айға жуық жүзіп жүреді. Ибн Кәсирдің тәфсирінде

кемеде Нұхпен бірге сексен ер кісі отбасыларымен

бірге болғандығы айтылады. Олар жүз елу күн кемеде

болды. Одан кейін Аллаһ кемені Меккеге бағыттады.

Кеме Меккеде Қағбаны қырық күн айналды. Сосын

Хақ тағала кемені Жуди тауына бағыттады. Сол жерге

барып тоқтады дейді

131

.

Екінші Адам ата

Нұх пайғамбар көп ұзамай шариғат заңымен мем-

лекет құрып, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»

мамыражай заман басталды. Адамзат ғұмырының

қайтадан жалғасуына арқау болғандықтан, Нұх (а.с.)

«екінші Адам ата» деп аталды.

Нұх (а.с.) – ең үлкен бес пайғамбардың бірі. Оның

сабырлылығы, өткірлігі, қайсарлығы исі мұсылманға

ғажап өнеге болды. Расында, мың жыл бойғы небір

құқай мен қорлыққа шыдау үшін асқан төзімділік

қажет-ті. Бұған қоса үнемі шүкіршіліктен таймады.

130

«Һұд» сүресі, 48

131

Ибн Кәсир. Тәфсир. II/448; әл-Бидәя уән-ниһәя. 1/98.