85
Һұд пайғамбар (а.с.)
Һұд (а.с.) халқының бұлай кете берсе, күні ертең
орны толмас азапқа душар болатынын біліп, күн демей,
түн демей оларды дінге шақырумен болды. Кейде қатты
айтып, кейде тәтті айтып, көп ұзамай бастарына келетін
сұрапыл пәлекеттен сақтандыруға бар күш‑қайратын
жұмсады. Бірақ азғын елі насихаттан ығыр боп, оны
тыңдаудан қалды. Бір күні олар жиылып келіп Һұдқа
былай деді: «Ей, Һұд! Иман келтірмесеңдер, көп ұзамай
ауыр азап келеді деп уағда етсең де, етпесең де бізден
саған пайда жоқ. Сен бізді зәулім сарайлар салдыңдар
деп кінәлайсың. Алайда оның несі айып?! Адам
өмірге бір‑ақ рет келеді. Одан кейін шіріп топыраққа
айналасың. Ендеше тапқан бар дүниемізді оңды-солды
шашып, қайта келмес мына дүниені жалпағынан басып
өткенге не жетсін! Әлсіздерді езіп қорлайсың дейсің.
Алайда өмірдің өзі күрес емес пе? Күштілер әлсіздерді
жеңіп, соларды езіп, қанап күн көру арқылы мына-
дай байлыққа, бақытқа қолы жетеді. Әлжуаздар мен
қауқарсыз кедейлер – байларға құл болу үшін жаралған
пенделер.
Әрі сен бізге «пұттарға табынбаңдар» дейсің. Біз ес
білгелі аталарымыздан осыны көріп өстік. Бұл – біздің
ата‑бабаларымыздан мұра болып қалған тәңірлеріміз
һәм мәдениетіміз, өзгермес құндылығымыз. Сен «бұл
пұттарданбастартпасаңдарсендергеазапкеледідейсің».
Алайда азап келетін болса, ғасырлар бойынеге осыларға
табынған ата‑бабаларымызға келмеді? Оларға келме-
ген азап неге бізге келуі керек? Ендеше, ескіден қалған
ертегіңді ел‑жұртқа айтып, туысым деп еркелігіңді
көрсете берме. Шыдамның да шегі бар, қастықтың да
қайтар кегі болады. Біз сенің шақырған дініңе де, әлемді
жаратқан бір Құдайыңа да сене алмаймыз. Сен бізге