Previous Page  88 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 88 / 352 Next Page
Page Background

88

Пайғамбарлар тарихы

соң олар екінші жоспарға көшіп: «Ей, Һұд! Біз саған

пәлен демейміз. Сен біздің арамызда туып өскендіктен,

өзіңді жақсы білеміз. Бірақ қанша уақыттан бері ақылға

қонбайтын нәрселер айтып, елдің басын қатырдың.

Шамасы пұттардың киесі сені ұрды‑ау» деп, халық

оны есалаңға айналған адамға балады. Осы сәтте Һұд

пайғамбар қатты ашуланып, орнынан қарғып тұрды да:

«Сөзіме құлақ салыңдар. Мен кейінгі ұрпақты сендер

сияқты адаспауға үндеймін. Анығында, мына мелши-

ген пұттарың адамға ешқандай пайда тигізбейді. Егер

оларда адамды ұратын кие мен қасиет болса, қанеки

онда не қарап тұрсыңдар? Сол мүсіндеріңмен қосылып

маған қарсы тұрып, қолдарыңнан келгендеріңді

істеңдер, аянбаңдар», – деп ащы шындықты дінсіз

халықтың бетіне басты.

Бұл сөзі де әсер етпеген соң, ең ақырғы ескертуін

айтты:

«Егер сендерге көрсеткен осы тура жолдан

бет бұрып әсте түзелмейтін болсаңдар, онда сен-

дерге не дей аламын? Мен сендерге жеткізілуі тиіс

барлық жарлықтарды тұтастай жеткіздім. Бұларды

қабылдамай, бұрыс жолдан тыйылмасаңдар, онда

Раббым қаласа, сендерді жермен-жексен етіп,

орындарыңа басқа бір қоғам жібереді. Оған ешбір ке-

дергі де, зиян да келтіре алмайсыңдар. Сөзсіз, Раббым

– әр нәрсені қорғаушы»

140

.

Һұдтың жаны ашып айтқан бұндай жүрекжарды

сөзіне халқы бұрынғыдан бетер ашуланды: «Ей, Һұд!

Сенің көздегенің ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан

мұра қалған киелі пұттардан бізді бас тартқызу ма? Сол

ма сенің бізге деген жақсылығың? Сен ылғи да бізді

азаппен қорқыта бересің. Тіпті ел-жұрттың берекесін

140

«Һұд» сүресі, 57