Previous Page  83 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 352 Next Page
Page Background

83

Һұд пайғамбар (а.с.)

дереу Һұдқа (а.с.) қарсылық көрсетті. Бірақ ол бұған

төзімділік танытып, ісін әрі қарай жалғастырды.

Ақырында, олар Һұдтың пайғамбарлығын сан-саққа

жүгірте бастады. Астарынан жеке бастың мүддесін

іздеді. Билік пен байлыққа қол жеткізгісі келетін болар

деп шолақ топшылады. Өйткені олардың ұғымында

адам өзіне пайдасы жоқ іс үшін бостан‑босқа тер төгіп,

азап шегуі мүмкін емес деген түсінік бар болатын. Бұл –

иманыжоқтардың ортақ пікірі. Өмірді жалған дүниемен

ғана шектеледі деп ойлайтын пенденің бәрі де «Аллаһ

разылығы үшін жасау» деген ұғымды ақымақтыққа са-

найды. Сондықтан Аллаһ үшін, ақырет үшін халықтың

игілігіне қызмет еткен адамдарды бұл дүниедегі

құлқынның қамын ойлайтын бейбақтар не «есі ауысқан

жынды», не болмаса «сөзсіз көздеген басқа бір мақсаты

бар» деп ойлайды.

Һұд (а.с.) халқын жинап, оларды жақсылыққа

шақырғаны үшін ешқандай да ақы талап етпейтіндігін,

ақысы мен сауабын Аллаһ тағаланың Өзі беретіндігін

айтып түсіндірді. Іле дауыстап: «Уа, халқым! Сендер

өздеріңе ешқандай қажеті жоқтығын біле тұра, іргесін

берік, шаңырағын биік етіп салғандарыңмен қоймай

зәулім сарайлар тұрғызып жатырсыңдар. Сонда мәңгі-

тұрақтап қалатындай, ауласына хауыз орнатып, көп

ысырап етіп, іші‑сыртын тұтастай әшекейлеп, алтын-

мен аптап, күміспен күптеп тастадыңдар. Жол бойына

тұрғызған керуен сарайларыңда пайдасыз ойындар

ойнап, сол даңғыл жолдағы жүргіншілерге, әсіресе,

менің қонақтарыма тиісіп, келемеждеп мәз боласыңдар.

Әлсіздерді басынып, зорлық‑зомбылық жасайсыңдар.

Бұл – азғындықтың белгісі. Мен сендермен тегі бір

туыс болғандықтан, тура жолға шақырудамын. Өз