86
Пайғамбарлар тарихы
бүгін «ата‑бабаларыңнан қалған пұт‑құдайларыңнан
бас тартып, бір Құдайға бас и дейсің. Сосын ертең
әлсіздерге зорлық жасама деп құл‑құтанды бізбен тең
қоясың. Ілгерінің бізге қалдырған мұрасынан айыры-
лып, құл‑құтанмен теңескенде, не ұтпақпыз? Жо‑жоқ.
Сен мейлі өз дегеніңмен қал. Ал біз өз дегенімізбен
жүреміз», – дейді.
Кейбір деректерде Һұд халқына төрт ғасыр бойы
дінді асқан кішіпейілділікпен жеткізіп төзімділік таны-
тып келгенін айтылады. Бірақ соңғы кездерде халықтан
ауыр сөздер естіп, қорлаған шақта өзегі өрттей жанып,
көкірегі қарс айырылғандай болды. Халқым иманға
келер деген үміті азайып, іші қан жылайтын. Көп өтпей
Хақ тағала Һұдтың халқына сынақ жіберіп, сақараны
қуаңшылыққа айналдырды. Кейбір деректе үш жыл
бойы еліне аспаннан бір тамшы да жауын жаумады
дейді. Бұлт ұшты‑күйлі жоғалып, елді қуаңшылық
қыса бастады. Бұлақтар мен құдықтардың көзі тарты-
лып, орны құп‑құрғақ құмға, топыраққа айналды. Жыл
өткен сайын ел‑жұрттың құты қашып, байлаудағы малы
өліп, жайлауын жұт жайлады. Жоқ іздегендер қисапсыз
қырылған ірілі-ұсақты малдардың сүйектерін кезіктір-
ді. «Бай бір борандық, батыр бір оқтық» дегеннің кебі
келді.
Бұларға ең жайсыз тигені күндіз-түні дамылсыз
соққан аңызақ жел болды. Сол желдің екпініне ешкім
бетпе-бет келіп қарсы тұра алмады. Қара дауылдай
ұйтқыған жел сақараның құмын сұрапыл құйынға ай-
налдырды. Сол құйын қала үстінде үйіріле ұйытқып,
қаланың ойран- топырын шығарды. Артынша құмға
көміп те кетті.