Previous Page  91 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 91 / 352 Next Page
Page Background

91

Һұд пайғамбар (а.с.)

тігін аңғарды. Дауыл жақындай бере беттерін леп

шарпығанда демдері шықпай, өңештерінен зәр кеткен-

дей болды. Теңселіп, бастары дыңылдап, буындары

құрып есеңгірей бастады. Олар сонда ғана пұттардың

шарапаты деп ойлаған нәрселері Хақ тағаланың жібер-

ген қарғысы екенін бір-ақ білді. Жүздеріндегі қуаныш

қайғыға айналып, өн бойларын үрей биледі. Жүректері

ауыздарына тығылды. Жайшылықта пұттардан тілей-

тін олар дәл осы сәтте пұттарды ұмытып, боз інгендей

боздап сала берді. Кеше ғана: «Бұл жалғанда бізден

күшті кім бар? Қане, көрсет азабыңды!» – деп дүниені

жалпағынан басқандар енді кірерге тесік таппай жан-

жаққа тарыдай бытырады.

Осы кезде Һұд пайғамбар (а.с.) өз үмбетін ертіп,

елден оңашаланып, ғаламзаттың Раббысына қол жайып,

жалбарынып тұрды. Кейбір деректе ол өзі мен үмбетінің

жиналып тұрған жерінің айналасына дөңгелек шеңбер

сызғандығын және осы сызықтан дауылдың болмашы

лебі де кірмегені айтылады.

Алыстан қаланың астаң-кестеңі шыға қираған

дауысы естіліп жатты. Дауыл шағыл құмдарды сыпы-

рып әкеп қаланың төбесінен шашып жібергенде, қала

халқының көздерін ашуға мұршасы келмей қалды.

Әуел баста майда тастарды ұшырған дауыл бірте-

бірте ұсақ-ірісі аралас ірі тастарды ұшырды. Алып

бәйтеректерді түп тамырымен қопарып, үйлердің шаты-

рын қидай сыпырды. Артынша қабырғаларын қиратты.

Құранның сөзімен айтқанда, бұл дауыл адам болсын,

зат болсын, көлденең келгеннің барлығын талқандап

шіріген сүйекке, ұсақ бөлшекке айналдырып тып-ти-

пыл етіп жатты

145

. Задында, Һұд та келетін осы азапты

түсіндіргенде:

«Раббының әмірімен барлық нәрсені

145

«Зарият» сүресі, 41-42