Previous Page  94 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 94 / 352 Next Page
Page Background

94

Пайғамбарлар тарихы

Салихқа пайғамбарлықтың берілуі

Салихтың әкесі халық арасында беделді Удәйд

деген кісі болатын. Осы кісінің шаңырағында бір күні

дүниеге шыр етіп сәби келді. Туыстары мен замандас-

тары «өзіңе тартып халықтың қалаулысы, елдің елеулісі

болсын» деп тілек білдірді. Бұл Салих пайғамбар еді.

Ел-жұрт оған қызыға қарап «сүйкімді бала» деп атады.

Халық әу бастан-ақ парасаттылығын байқап «бұл бала

тегін емес, бойында бір қасиеттің бары анық» деп, бір-

бірлеріне қарап бас шұлғысатын. Алайда халық бұл

баланың бір қылығын түсіне алмайтын. Ол кіп-кішкен-

тай бола тұра, әсте бұлардың кие тұтып, тәңір еткен

пұттарына табынбайтын. Табыну былай тұрсын сол

маңайға бір мәрте болса да маңайлап бармайтын да.

Дегенмен олар: «Әлі бала ғой. Өскен соң пұттардың

қасиетін түсінер», – дейтін де қоятын.

Салих ат жалын тартып міне бастаған шағынан

бастап, әділдігімен, ізгі қасиеттерімен ел көзіне

түсіп жүрді. Оның жүріс-тұрысы, халықпен қарым-

қатынасы, көркем мінез-құлқы ел ішінде аңыз боп

тарады. Салиқалығымен танылған Салихтың аты да

затына сай болатын. Өйткені қашанда әлсіздерге болы-

сып, жарлыларға жәрдем етуден аянбайтын.

Салих жігіт болып есейе бастағанда, халықтың

азғындығы тым шектен асып еді. Бір күні Салихқа

Жәбірейіл періште арқылы Хақ тағаладан аян келіп,

пайғамбарлық міндет жүктелді. Мұндай нар көтермес

ауыр жүкті тек пайғамбарлар ғана арқалай алатын.

Өйткені сан жылдар бойы пұттарға табынып азғындаған

бір елдің бүкіл наным-сенімін іске алғысыз ету, са-

наларына сіңіп қалған кесірліктен бірден ажыратып

тәухидті сіңіру оңай емес еді. Өйткені Салихтың жұрты