92
Пайғамбарлар тарихы
жермен-жексен ететін жел»
146
деп айтқан еді. Бірақ
оның сөзін елеген жан болмады.
Аллаһ тағаланың «Сарсар» деп аталған осы сұрапыл
дауылы қала үстінде сегіз күн, жеті түн тоқтаусыз
соғып, сегізінші күні кешке қарай бірде-бір адамды тірі
қалдырмай тып-типыл етіп, сүйектерін көтеріп алып
теңізге тастайды. Құран осы азапты күндерді «Жайсыз
күндер» деп атаған
147
.
Кейбір деректе Һұд осы оқиғадан кейін өзіне иман
келтірген үмбетімен Меккеге келіп орналасады. Ізінен
ерген халық саны төрт мыңдай еді. Ал кейбір дерек-
терде Ахқафқа жақын Хадрамут деген жерге қоныс
аударып, көз жұмғанша сол жерде тұрады. Али (р.а.)
арқылы жеткен бір хабарда оның қабірі сол жердегі
бір қызыл төбенің басында болғандығы және басында
жаңғақ ағашының өсіп тұрғаны айтылады.
Палестиналықтар Һұдты өздері тұрған жерде жер-
ленді деп ойлайды. Олар сол маңайдағы бір қабірді
сонікі деп санап, сол жерге зиярат жасайды.
Әр пайғамбар тәухид негізінде халықты
имандылыққа шақырады. Бірақ ешкімді бұған
мәжбүрлемейді. Әйтпеген жағдайда адамға жеке
ықтияр, дербес таңдау, ерік берілмеген болар еді. Сол
себепті әрбір елге пайғамбар келгенде, оның жолы-
мен жүріп, ізінен ергісі келмегендер пәлекетті Аллаһ
тағаладан өздері тілеп алады.
Ендеше өзге пайғамбарлар секілді Һұд пайғамбар
да өзіне берілген міндетті толығымен атқарды. Жер-
мен-жексен болған халқының ақыретте айтар дауы
қалмады.
146
«Ахқаф» сүресі, 25
147
«Фуссилат» сүресі, 16