Previous Page  82 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 352 Next Page
Page Background

82

Пайғамбарлар тарихы

бай ел еді. Зәулім сарайлар салуда талайларды жолда

қалдырды. Аула ішіне ғажайып бақтар, хауыздар ор-

натты. Осыншама байлықтың буына мастанған Ад елі

бірте-бірте бұзыла бастады. Ар, ұят, ынсап, рақым,

шүкіршілік деген қасиеттер жойылды. Байлары кедей-

лерді қанауды шығарды. Көрші елдерге де тыныштық

бермеді. Бұнымен де шектелмей, Нұх елінің пұттарын

қайта жасап, соларға табынатынды шығарды.

Һұдтың пайғамбарлығы

Түп шежіресі Нұхтан тарайтын Һұд (а.с.) турашыл,

батыл, ақыл-парасат секілді игі қасиеттерімен әйгілі

еді. Оған «Сенімді кісі» деп ат қойғандар да кездесті.

Елінің мұншалықты адасқаны Һұдтың (а.с.)

арқасына аяздай бататын. Алайда бір күні күтпеген

жерден Жәбірейіл (а.с.) періште келіп, Хақ тағаланың

әмірін жеткізді. Һұдқа (а.с.) пайғамбарлық міндет

жүктеді.

Құранда оның пайғамбарлығы туралы:

«Ад еліне

елші етіп (тікелей өз араларынан) бауырлары Һұдты

жібердік»

135

,

дейді.

Һұдқа (а.с.) пайғамбарлық келісімен, дереу іске

көшіп, елін тура жолға шақырды. Ол еліне:

«Уа,

халқым! Аллаһ тағалаға құлшылық қылыңдар. Одан

өзге ешбір құдай жоқ. Серік қосып, Хақ тағалаға жала

жабудасыңдар»

136

,

дейді.

Бірақ еліне, әсіресе, елдегі байлар мен билерге

оның мына сөздері түрпідей тиді. Олардың ұғымында

пұттарға табыну абырой саналатын. Сондықтан олар

135

«Һұд» сүресі, 50

136

«Һұд» сүресі, 50