Previous Page  77 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 77 / 352 Next Page
Page Background

77

Нұх пайғамбар (а.с.)

Топан судың тартылуы

Топан су туралы ғалымдар арасында екі түрлі

пікір бар. Бірінші топ топан су тұтастай жер бетін

қаптаған десе, екінші топ «топан су тек Нұхтың

аймағын ғана басқан» дейді. Қисынға салып қарасақ,

екінші топтың айтқаны дұрыс сияқты. Өйткені су

басқандағы мақсат – кәпір елді жермен-жексен ету

емес пе еді?! Ал сол уақытта жер бетінде Нұхтың елі

ғана Араб түбегін мекендеген. Жұмыр жер бетінде-

гі күллі адамзатқа Нұх пайғамбар болып келгенде,

топан судың жер бетін тегіс су басып қалуы мүмкін

еді. Бұған қоса, Нұхтан кейінгі елдер де азапқа

ұшырағанда, сол аймақтың ғана құрып кеткені мәлім.

Ендеше, Нұхтың еліне келген пәлекет те сол елге, сол

аймаққа қана қатысты. Негізі ғалымдардың басым

көпшілігі осы пікірді қолдайды.

Топан су қаптағанда, асау толқындар арасында

Нұхтың кемесі ғана батып кетпей жүзіп жүрді. Кәпір

атаулы түгелдей суға кеткен соң, Аллаһ тағала жер

мен көкке әмір беріп:

«Ей, жер, міндетің аяқталды,

суыңды жұт! Ей, аспан-көк, қажетің қалмады

жауыныңды тоқтат!»

128

деді.

Аллаһтың құдіретімен су тартылып, жауын пышақ

кесті тыйылды. Су тартылып жатқанда, теңіз деңгейі

бірте-бірте төмен түсіп, тау сілемдері аршылып,

128

«Һуд» сүресі, 44