74
Пайғамбарлар тарихы
тура үкім берушісің»
124
, – деп жалбарынады. Осы кезде
Аллаһ тағала оған:
«Ей, Нұх! Ол сенің әулетіңнен емес.
Өйткені ол бұрыстықтан таймады. Сондықтан сен
білмеген нәрсені менен тілеме. Мен саған надандардың
қатарында болма деп насихат айтамын»
125
,
– деді.
Осы сәтте хазірет Нұх дереу есін жиып, өзінің
«ижтиһадта» қателік жасағанын ұқты. Иә, Жаратушы
Жаппар Ие оған әулетіңді құтқарамын деп уағда еткен
болатын. Бірақ пайғамбардың әулеті кім болмақ?!
Әрине, иман келтіріп, дін жолымен жүргендер ғана.
Сондықтан да пайғамбарға туыстық пен достық
жағынан қанша жақын болса да, иман келтірмесе, ол
бәрібір пайғамбар әулетінен, үмбетінен саналмайтын
еді.
Аллаһ тағала жүрегіне иман нұрын жақпаған соң,
әкесі пайғамбар болса да, оны құтқара алмайды. Бұл
жерден біздің алуға тиісті ғибратымыздың бірі – осы.
Яғни, Нұхқа (а.с.) ешқандай туыстық қатынасы жоқ
біреулер иман келтіргенде, өз ұлы мен әйелі иман кел-
тірмеген еді ғой. Сол себепті адам баласы хақ дінді өзі
еркімен таңдап қабылдамаса, оның жүрегіне Хақ тағала
иман шуағын сеппейді. Жақыны пайғамбар болса да,
жүрегіне иман дарыта алмайды. Өйткені оның амалы,
жоғарыда айтылғандай, «бұрыс амал». «Бұрыс амал»
– кәпірдің жасаған іс-әрекеті. Кәпір бұл өмірде қанша
жақсылық жасаса да, жүрегінде иманы болмаған соң,
«бұрыс амал» болып саналады. Өйткені ол сол амал-
дарды Аллаһ үшін емес өзінің қара басы, мүддесі үшін
жасаған. Дей тұрсақ та, Аллаһ тағала ондай адамның
жақсылықтарындақұрқолқайтармайды.Біраққарымын
124
«Һұд» сүресі, 45
125
«Һұд» сүресі, 46