Previous Page  62 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 352 Next Page
Page Background

62

Пайғамбарлар тарихы

Яғни сендер өз жаратылыстарыңа бір сәт болсын

көз салып көрмейсіңдер ме? Хақ тағала мүлде жоқ

кездеріңде сендерді топырақтан, бір тамшы судан,

ұйыған қаннан, одан кейін бір тістем еттен, одан әрі

етке аралас сүйектерден, сосын ең көркем бейнедегі

адам етіп жаратты. Һәм бойларыңа сан түрлі сезім-

қабілет берді. Осындай ғажайып құбылыс Ұлы

Жаратушының айқын дәлелі емес пе? Ал сендер кейде

аруақтарға, кейде мүсіндерге табынасыңдар. Мұндай

жансыз пұттар қалай бәрін жаратуға құдіретті? Тіпті

өздері жаратылған емес пе? Керек десең, сол пұттарды

қолдан жасаған да өздерің. Күні кеше ғана өздеріңдей

күйкі тірлік кешіп, ақыры ажал құшқан дәрменсіз

«әулиелердің» аруақтары өлген соң қалай сендердің

жебеушілерің мен қорғаушыларыңа айналады? Олар

тілектеріңді қалай қабыл етпек? Өзі жаратылған құл

қалай жаратушы болмақ? Кейде сендер сылтау айтып:

«Сол әулиелердің аруақтары Құдай тағалаға біздің

тілектерімізді жеткізеді», – дейсіңдер. Сендердің

дауыстарыңды, сөздеріңді жаратып жатқан Хақ тағала

тілектеріңді ести алмағаны ма? Аллаһ тағаланың бәрін

естуші әрі көруші екенін жақсы білесіңдер ғой. Ендеше,

неге Соған бет бұрып, тәубаға келмейсіңдер?

«Аллаһ тағаланың қабат-қабат қылып жеті қат

көкті жаратқанын көрмейсіңдер ме? Олардың ішінде

айды нұр қылып, күнді шырақ етті»

101

.

Нұх пайғамбар уахи арқылы еліне көктің жеті

қабаттан тұратындығын білдірді. Ол адамдарға алдымен

өз жаратылыстары хақында әңгімелеп, Жаратушының

құдіретін ұқтырды. Келесі кезекте көктерге назар

аудартып, осынау аспанның ғажайып жаратылысын

101

«Нұх» сүресі, 14-15