58
Пайғамбарлар тарихы
бағыныңдар»
92
.
Ендеше менің мақсатымды сан-саққа
жорымаңдар. Сөздерімді аяқасты етпеңдер», – дейді.
Бұл сөзден кейін билік басындағылар мен ауқатты
мүшріктер келесі бір айлаға көшті. Олар: «Ей, Нұх!
Мейлі, біз барып сөзіңді тыңдасақ тыңдайық. Ол үшін
айналаңдағы кілең кедей-кепшіктерді қуып жіберсең
дұрыс болар еді. Олармен қатар отыруды біз өзімізге ар
көреміз. Сонда жаныңда отырып, айтқандарыңа құлақ
салар едік»
93
, – деп мәймөңкеледі.
Бұл тұста олардың ішкі ниеті иман келтіру емес,
Пайғамбар мен оған бағынған мұсылмандардың ара-
сына іріткі салу еді. Кедейлерді маңайынан қудырып:
«Демек, оның пиғылы байлармен теңесу. Кедейлерді
әшейін көз ғып ұстаған. Біз оны әшкереледік», – де-
мекші еді. Бірақ олардың бұл айласы да іске аспады.
Өйткені Нұх пайғамбар: «Мен кедейлерді қасымнан
қумаймын. Олар – Аллаһ тағалаға және ақырет күніне
иман келтірген адамдар. Иманды жандардың мәртебесі
қашан да биік. Һәм осы пейілі үшін Аллаһ тағала
оларға ақыретте көз көріп, құлақ естімеген, ешкімнің
қиялына келмеген тосын нығметтер дайындауда.
Сендер адамның бағасын өткінші дүние мен болмашы
мансапқа қарай өлшейсіңдер. Иман келтірген адамның
жан тазалығын, ақыреттегі сыйын білмейсіңдер. Иман
етудің қандай бақыт екендігін сезбей тұрып, бұндай
талапты қалай қойып тұрсыңдар?! Ей, адамдар! Иман
келтіруден артық қандай абырой бар? Егер мен оларды
қуатын болсам, күн ертең мақшарда Жаратушының
қаһарынан мені кім құтқара алады? Сендердің мына
92
«Шұғара» сүресі, 109
93
«Шұғара» сүресі, 111