Previous Page  54 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 54 / 352 Next Page
Page Background

54

Нұх пайғамбар (а.с.)

Куфа аймағында ақиқаттан адасып, күнәға белшес-

інен батқан қауымның арасында ізгі ниетті санаулы-ақ

шаңырақ бар еді. Бұлар ешқашан өз дінінен айнымай,

Хақ тағалаға ғана құлшылық қылатын. Нұх та сол са-

наулы отбасының бірінде дүниеге келді. Биязы мінезді

Нұх өзге балалардан ерекше, ойға жақын болып өсті.

Бір жағы Ыдырыс пайғамбардың ұрпағынан тараған

еді. Ата-бабаларының бәрі де тәухидшіл, иманшыл

жандар болатын. Барлығы да Ыдырыс пайғамбардың

шариғаты бойынша амал етіп келген.

Нұх (а.с.) салиқалы да салмақты жан болды. Аллаһ

тағаланың шексіз нығметін еске алып, қадірін бағамдап,

үнемі іштей шүкірлік ететін. Бұл ерекше қасиеті Құран

кәрімде

: «Ол дамылсыз Аллаһ тағалаға шүкірлік еткен

құл»

86

,

– деп білдірілген.

Нұх (а.с.) қырықжасқа толғанда, оған пайғамбарлық

берілді. Құранда:

«Әлбетте, Біз Нұхты еліне жібер-

дік: «Мен сендерге ап-айқын бір ескертушімін»

87

деген

аятта осы пайғамбарлықтың берілгендігі айтылған.

Нұх (а.с.) ең алғашқы шариғатпен келген расул-ел-

ші болды. Ол елінің оңайлықпен ізінен ермейтіндігін,

түрлі қарсылықтар болатындығын, небір бейнет ше-

гетінін білсе де, зор тәуекелмен өзіне берілген міндетті

бастап та кетті.

86

Невзат Саваш. Инсанлык семасынын айлары-гүнешлері

пейгамберлер. Измир. 2004. 23-бет; Сабуни. Нубууә. 111-бет

87

«Һұд» сүресі, 25