51
Ыдырыс пайғамбар (а.с.)
Келесі көзқарастағылар оның Иса (а.с.) тәрізді
жоғары көтеріліп, көктің төртінші қабатын ме-
кендегенін айтады. Оған айғақ ретінде Мұхаммед
пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Миғражға
шыққан кезде, төртінші қабатта Ыдырыспен (а.с.) кез-
десіп, сәлемдескендігін
84
алға тартады. Бұл қисынға
сүйенсек, Ыдырыс (а.с.) тірі кезінде көкке көтерілген.
Кейбір ғалымдар оны ажалы жетіп қайтыс болған десе,
енді біреулері әлі күнге дейін тірі деп жорамалдайды.
Ең дұрысы Аллаһқа ғана аян.
Кейбір деректерде Ыдырыс пайғамбардың ғұмыр
жасы сексен екі жыл деп көрсетіледі. Демек, біре-
уіне мың, енді біріне жүз жыл сияқты Хақ тағала
әр пайғамбарға әртүрлі өмір берген. Мәселен, Иса
пайғамбардың небәрі отыз үш жыл ғана өмір сүргені
мәлім. Бірақ өмір аз, мейлі көп берілсін барлық
пайғамбарлар құлшылығын атқарып, өзіне тән қасиетті
міндетін толық өтеген.
Нұхтың (а.с.) елі
Ыдырыс пайғамбардан кейін дін ғұламалары
ақиқаттың ақ туын желбіретті. Олар елді хақ жолға
шақыруды жалғастарды. Тіпті Араб түбегімен көршілес
аймақтарда өмір сүрген халықтармен де етене ара-
ласып, имандылық аясын кеңейтуге тырысты. Көп
өтпей алыс-жақын елдің бәрі дін ғұламаларын жақсы
көріп, бауыр басып кетті. Шерткен әңгімелерін құныға
тыңдады. Бірақ бұл ғұламалар да ажал жеткенде бақиға
бір-бірлеп аттанып жатты. Әрбірі қайтыс болған сайын,
ел қатты қайғырды. Мәйіттерін арулап көмді. Халық
оларды жадынан шығармады.
84
Бухари. Саләт. 1