57
Нұх пайғамбар (а.с.)
жарымен, қоғаммен қандай қарым-қатынас жасау
қажет т.с.с. мәселелердің бәрі де пайғамбар өнегесіне
кіретін. Егер пайғамбар періште болып келгенде,
ол адамдарға қайтіп қана өнеге көрсетпек? Өйткені
олар тамақтанбайды, үйленбейді. Періштелерде пен-
дешілік қасиеттер жоқ қой? Егер адамдарға періште-
лер пайғамбар болып келгенде, көкірегі соқырлар: «Біз
қалай періштенің айтқанын істейміз? Періште мен адам
тең емес қой. Дәл періштедей құлшылық жасауға біздің
қауқарымыз жетпейді», – деп тағы да қарсы дау айтқан
болар еді. Иә, жарықтан қашқан жарқанат сияқты иман-
нан қашқақтағандардың сылтауы таусылған ба?! Әйтсе
де Нұх (а.с.) алған бетінен қайтпай, өзіне аманатталған
дінді уағыздауды жалғастыра берді. Кейде халық
алдына шығып ашық айтса, кей жағдайда ел арасында
құпия үгіт жүргізді
91
.
Нұхқа (а.с.) қарсы шығушылар көбіне әл-ауқаты
жоғары яки билік басындағы адамдар еді. Сондықтан
олар пайғамбардың сөздерін түрлі жорамалдарға салып,
астарынаншикілікіздеді.«Биліктікөксепжүр»,«Байлық
көздеуде» дегендей сөз жүгіртті. Бұл жайлы Нұх (а.с.)
өз сөзінде: «Сендер мен туралы қате пікірдесіңдер.
Мақсатым – Хақ тағаланың айтқан жарлықтарын сен-
дерге жеткізу. Халықты екі дүниеде бақытқа бастау.
Бұл үшін ешкімнен ақы тілемеймін. Билік те, дүние де
маған қажет емес. Өйткені пайғамбарлардың ешбірі
жалған дүниеге қызыққан емес. Тіпті иманға келулерің
үшін мен өз малымды да, барымды да, сондай-ақ күллі
ғұмырымды да сарп етіп келемін. Менің ақымды сендер
емес, Хақ тағала береді. Иә,
«Менің ақым әлемдердің
Раббысына тән. Аллаһ тағаладан қорқып маған
91
«Нұх» сүресі, 9