Previous Page  59 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 352 Next Page
Page Background

59

Нұх пайғамбар (а.с.)

ұсыныстарыңды мен әсте қабыл етпеймін»

94

,

– деп

жауап береді.

Жүз түрлі айла, мың бір түрлі шарғы жасаса да,

бәрібір үстем таптың Нұхқа (а.с.) шамалары келмей,

қатты састы. Олар өзіндегі билік пен дүниенің көптігіне

арқа сүйесе, Нұх (а.с.) әлемдердің Раббысы – Аллаһ

тағалаға арқа сүйеген елші еді.

Бірақ мүшріктер бұнымен тоқтап қалмады.

Ақырында, «Ей, Нұх, егер сен мына ісіңді тоқтатпайтын

болсаң, ажалың бізден», – деп қорқытты. Бірақ

пайғамбар бұған да құлақ аспастан, өз ісін әрі қарай

жалғастыра берді. Мүшріктер тағы да халықты айдап

салғанды жөн көрді. Сол себепті халыққа: «Нұхтың

мақсаты – ғасырлар бойы ата-бабаларымыз табынып

келген Уәдд, Суәғ, Яғус, Яғук, Наср атты пұттарды

қирату, жолымыздан адастыру. Біз әрқашан өз

салтымыздан аттамай, ата-бабаларымыздың жүрген

жолымен жүруге тиіспіз. Олай болса, дәстүріміздің

жауы Нұхтың сөзіне құлақ аспаңдар», – деп тапсырды.

Бұл үгіт халыққа әжептәуір әсер еткендей болды.

Алайда Нұх пайғамбардың жалынды сөздері бұл

жоспарды да жарамсыз етті.

Ақырында, Нұх пайғамбар елінің басшылары ең

ақырғы жоспарларына көшіп, пайғамбарға иман кел-

тірген әлсіз мұсылмандарды ұстап зынданға тастады.

Иман келтіргені үшін соққыға жығып, қоқан-лоққы

көрсетті. Нұхтың дінінен бас тартуға мәжбүрледі. Бірақ

бұдан да күткен нәтиже шықпады. Қанша азаптаса да,

ерекше шыдамдылықпен бірде-бір мұсылман ақиқат

94

«Шұғара» сүресі, 12-14