55
Нұх пайғамбар (а.с.)
Елімен күресі
Пайғамбарлық – ауыр жүк. Оны халыққа жеткізудің
салмағы да жеңіл емес. Біреуге ойда-жоқта бір ауыр
міндет берілсе, көп уақыт әбігерленер еді. Соны орын-
дау мақсатында қателіктер де жіберуі кәдік. Алайда
пайғамбарлар мұндай қылықтардан аулақ. Асқар
таудың өзі көтеріп тұруға қауқары жетпей үгілетін
ғаламатжүкті пайғамбарлар «фәтанат» (пайғамбарларға
ғана тән үстем ақыл, жоғары қисын) қасиетімен еңсере
білген.
Нұх (а.с.) та өзіне уахи келгеннен бастап
пайғамбарлық міндетін атқаруға кірісті. Бірақ ол ел
алдына шығып, дереу жар салған жоқ. Алдымен жасы-
рын түрде әр адамға жеке-жеке дінді түсіндіре баста-
ды
88
. Өз ісін күн-түн демей осы бағытпен жалғастыра
берді. Негізі, жақтастары әлі аз, күш-қуаты төмен
адамға бұдан басқа жол да жоқ-тұғын. Кейін барып
шалғайдағы елдерге де дін таратуға тырысты. Оларды
шүкіршілік етуге, құлшылық жасауға, пұттарға сиын-
бай, тәубәға келугешақырды. Өкініштісі, Нұхтың сөзіне
құлақ асқан жан болмады. Дінді уағыздап жатқанын
көрсе болды, құлақтарын басып өте шықты. Тіпті оны
көргенде, киімдерімен беттерін бүркемелегендер де
кездесті
89
. Мұндағы мақсат – оны келеке-мазаққа ай-
налдыру, көңілін қалдыру еді. Бұнымен шектелмей
ел көзінше масқаралап, ауыз бармайтын сөздер де ай-
татын
90
. Бірақ Нұх (а.с.) осының бәріне шыдамдылық
танытты.
88
«Нұх» сүресі, 8-9
89
«Нұх» сүресі, 7
90
«Қамар» сүресі, 9 «Қамар» сүресі, 9