Previous Page  50 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 352 Next Page
Page Background

50

Пайғамбарлар тарихы

Пайғамбарлар рухани жолбасшы болумен қатар

қоғамдық тұрмыс пен өркениетті дамытуды да қолға

алған. Айталық, ең алғашқы құрылысты Адам ата (а.с.)

бастаған жоқ па? Сондықтан әр ел өз пайғамбарына

толықтай бағынуы қажет. Өйткені пайғамбарға

бағынбағандар рухани жағынан ғана емес, тұрмыстық

және дүниеуи тұрғыдан да өрге баспайды. Ыдырыстан

(а.с.) кейінгі Нұх пайғамбар алғаш рет кеме жасауды

үйреткен. Мұса (а.с.) болса, аса таяғымен тасты түртіп

су шығару арқылы жер қойнауынан сыр аңдатқан.

Жер беті судан тапшылық көрсе, жердің астындағы

қайнар суларды шығару жолдарын көрсеткен. Бұндай

мұғжизалар – пайғамбарлар арқылы адамзатқа өркениет

үйретілгендігінің белгісі.

Көкке көтерілуі

Ыдырыс пайғамбардыңжер бетінде қайтыс болғаны

туралы мағлұмат жоқ. Құранға көз салсақ, аятта оның

көкке көтерілгендігі баяндалады. «Мәриям» сүресінде:

«Біз оны жоғарғы орынға көтердік»

82

деп айтыла-

ды. Бұл аят турасында ғұламалар арасында айтылып

жүрген пікірлер әр алуан болып келеді. Атақты тәпсірші

ғұлама Фахреддин Рази «Жоғары орынға көтерілу»

сөзін рухани мәртебе болуы мүмкін деп жорамал жа-

сайды. «Аллаһ тағала оған пайғамбарлық және отыз

беттік парақтар берген. Ендеше, оның «жоғары орны»

осы болса керек» дейді. Бұған Құрандағы:

«Біз сенің

абыройыңды көтермедік пе?»

83

деген аятты айғақ

етіп көрсетеді.

82

«Мәриям» сүресі, 57

83

«Инширах» сүресі, 4