Previous Page  48 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 352 Next Page
Page Background

48

Пайғамбарлар тарихы

шайтандарын дұшпан қылдық»

78

,

дейді

.

Сондықтан

пайғамбарлардың арқалаған ауыртпалығын жай

адамның көрген қиыншылығымен салыстыру қиын.

Құранда Исмайыл пайғамбардың қандай сынаққа

түсіп, сабырлық танытқандығы айтылғанда, Ыдырыс

пайғамбардың да есімінің қоса аталуы тегін емес.

Демек, ол да дәл Исмайыл (а.с.) сияқты сынаққа душар

болған. Өзінің Хақ тағалаға мойынсұнған сабырлы

құл екендігін ісімен дәлелдеп, Исмайыл пайғамбардай

сабырлық таныта білген. Яки ол өзге пайғамбарлар

тәрізді бір елге жіберіліп, сол елден көп жапа көріп, сол

халықты тура жолға шақыруда небір ауыртпалықтарға

төзген болуы да мүмкін. Қай жағынан алғанда да

біз оның барлық сынаққа шыдамдылық танытып,

өзге пайғамбарлар сияқты сабырлықтың шыңын

бағындырғанын байқаймыз.

Ыдырыс (а.с.) пайғамбарлықтан бұрын да, кейін де

турашыл мінезінен қайтпаған. Өзінің абыройлы мін-

детіне сай бола білген. «Мәриям» сүресінде:

«Кітап-

тан Ыдырысты есіңе ал. Ол турашыл пайғамбар еді.

Оны жоғарғы орынға көтердік»

79

,

деп, оның осы ту-

рашыл мінезі сөз етілген.

Турашылдық – пайғамбарлардың бағыт түзер

темірқазығы. Олар қашанда осы негізден ауытқымайды.

Әр сөзі қоспасыз шындықтан құралады. Ақиқатты

бұрмаламайды. Төрткүл дүние төңкеріліп кетсе де,

шындықты паш етуден қаймықпайды. Үмбетке тура

жолды көрсету үшін алдымен өздері сол жолдың

сардары болып жол бастайды. Турашылдық –

пайғамбарлыққа аса қажет қасиет. Ол қолдағы алдаспан

78

«Әнғам» сүресі, 112

79

«Мәриям» сүресі, 56-57