Previous Page  44 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 352 Next Page
Page Background

44

Пайғамбарлар тарихы

тылады. Демек, бұрынғы адамдар бізден әлдеқайда ұзақ

өмір сүрген. Оған қоса, олар бізден ұзын болған деседі.

Бухаридағы бір хадисте хазірет Адамның бойының

алпыс құлаш екендігі және кейін бірте-бірте аласарып

шөккені айтылады

72

. Мысалы, «алпыс құлаш» шама-

мен сол кездегі адам бойының отыз метрдей болғанын

білдіреді. Ал бүгінгі таңда табылып отырған бұдан екі

миллион жыл бұрын өмір сүрген адамның қаңқасы

бізден осыншалық ұзын емес. Алайда бұл жерде Ислам

ғұламаларының көзқарасына тоқтала кетсек, олардың

«алпыс құлаш» деген пікірінің жаны бар. Хадис-

ке көз салсақ, Адамның алғаш жаратылып жаннатқа

кірген кезі алпыс құлаш екендігі және адамдардың да

Жаннатқа кірерде бойларының алпыс құлаш болып

кіретіндігі айтылған. Ендеше, Жаннат пен жердің өзіне

тән заңдылығы бар. Яғни Адам атаның бойы Жан-

натта алпыс құлаш болған. Ал жер бетіне түскенде

кәдімгі орта бойлы адамға айналған

73

. Бір ақиқаты –

сол кездің адамдары бізден әлдеқайда еңселі болған.

Өйткені хадистің толық нұсқасында:

«Адамдар уақыт

озған сайын аласарып барады», –

дейді. Демек хазірет

Адамның жер бетіндегі тұрқы Жаннаттағыдай болма-

са да қазіргі адамдардың бойынан әлдеқайда сұңқар

болғандығы айқын. Бұдан шығатын қорытынды:

қазіргі қысқа бойлы мұсылмандар да Хақ тағаланың

рақымымен Жаннатқа алпыс құлаш болып кіреді.

Адам баласы жер бетіне бейбітшілік орнату үшін

келген. Негізі, адам жаратылысының да мақсаты осы.

Бұны Адам атаның алғаш жаратылған кезіндегі сөзінен

байқауға да болады. Бірде Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

72

Бухари, 6/362; Қуртуби, тәпсірі, ХХ/45

73

Казанжы, 74-бет