40
Пайғамбарлар тарихы
Абыл мен Қабыл
Хауа ананың Абыл мен Қабыл деген ұлдары өз
жұптарымен (қарындастарымен) егіз дүниеге келді.
Адам әкелері оларға өз сыңарына емес, өзге егіздердің
сыңарларына үйленуге тиіс екендігін айтқан еді.
Сондықтан да Абыл Қабылдың, ал Қабыл Абылдың
сыңарына үйленуге тиісті болды. Бірақ Қабылдың
сыңары Абылдың сыңарынан сұлу болатын. Қабыл
бұл үкімге разы болмай, өз егізімен үйленуді қалайды.
Адам әкесі оған қанша түсіндіргенмен, ол алған бетінен
қайтпай, бірбеткейлік танытты. Сонда Адам ата екеуі-
не Аллаһ үшін құрбан шалуын талап етеді. Хақ тағала
кімнің құрбанын қабыл қылса, Қабылдың сыңарын сол
алатындығын айтады. Абыл шопан болатын. Ол бір
қойыншалып, Хақ тағала үшінқұрбан етті. Қабыл егінші
еді. Ол да Хақ тағала жолында бір десте бидайды құрбан
етті
66
. Хақ тағала Абылдың ғана құрбанын қабыл етеді.
Сонда Қабылдың қызғанышы мен өшпенділігі қозып,
өзін қоярға жер таппай, қатты долданады. Ақыры, ол
бұл қорлыққа шыдай алмай, Абылды өлтіруге ниетте-
неді. Абыл оның бұл пиғылын сезген кезде:
«Сен мені
өлтіруге қол созсаң да, мен сені өлтіру үшін қол соз-
баймын. Күдіксіз, мен әлемдердің Раббысы Аллаһтан
қорқамын! Мен сенің күнәңмен қоса өзімнің күнәмді
арқалап күнәһар болғым келмейді. Сондықтан да абай
бол! Бүкіл күнәні сен арқалайсың, оның соңы да тозақ.
Өйткені залымдар осылай жазаланады»
67
,
–
дейді.
Алайда Қабылда оның насихатын тыңдайтындай күй
жоқ еді. Тұла бойын өшпенділіктің оты өртеп, жазықсыз
Абылды өз қолымен өлтіреді. Осылайша жер бетінде
66
«Маида» сүресі, 27
67
«Маида» сүресі, 28-29