35
Адам ата (а.с)
«зәллә», яғни, ұсақ жаңсақтық еді. Адам ата мен Хауа
ана Аллаһ тағаланың тыйымын ұмытып кетіп, осындай
ағат қадамға барды. Ұмыту – пенделіктің белгісі. Аллаһ
тағала «ұмытты» деу арқылы Адам ата туралы жаман
ойлауымызға жол бермей, артынша оның
тәубеге кел-
гендігін айтады.
Аятта Адам ата мен Хауа анамызға жеміске
жақындамау жөнінде әмір берілген соң нақты қанша
уақыт өткені бір Аллаһтан өзге ешкімге белгісіз. Ең
анығы, Адам ата осы бұйрықты алған соң, арада көп
уақыт өткен. Жеміске салынған тыйым ұмытылған
соң орын алған.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисін-
де: «
Мына үш нәрсеге қалам жазылмайды: ұмыту,
қателік және зорлықпен істелген іс
»
58
,
– деген. Яғни,
адам ұмытып кетіп, қандайда бір қатеге қадам басса,
оның сөкеттігі жоқ. Ендеше, Адам атаны күнә жасады
деп жазғыру дұрыс емес.
Һәм пайғамбарлар – Хақ тағаланың рақымшыл-
дығының көрсеткіші. Олар адамдарға қиыншылық
тудыру үшін емес, екі дүние бақытына бастау
мақсатымен жіберіледі. Сол себепті олардың ижтиһад
қателіктерінің өзі түбінде үмбетіне қайырлы. Ендеше,
Адам пайғамбардың қателігінде де осындай қайыр бар.
Ең алдымен, ол – адамзаттың түп атасы. Ал адам баласы
жаңылмайтұрмайды.Хақтағала адамбойынаұмытумен
қателесу қасиеттерін де белгілі бір мақсатпен берген.
Ол осы екі қасиеті арқылы өзінің пенде екендігін еске
түсіреді. Бұған қоса қателік жасаған соң, хазірет Адам
атаның дереу тәубе еткенін де ескеру керек. Осылайша
ол ұрпағына ең басты қажетті нәрсені үйретеді. Өйткені
58
Мунауи, Фәйзул-Қадир, 4/34