Previous Page  33 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 352 Next Page
Page Background

33

Адам ата (а.с)

ну, т.б. Міне, шайтан адамның осы ұрымтал жерлерін

жақсы білді. Бұл жағынан келгенде, адам баласы тез

алданғыш-ақ. Дегенмен де Хақ тағала адам баласын

дұшпанға қарсы қарусыз қалдырмады. Аллаһ тағала әу

баста оларды Жаннаттан түсірген кезде, былай деген:

«Дүниеде адамдарға тура жол жіберемін. (Бұл тура

жол – ақиқат діндері мен пайғамбарлар). Кім осы тура

жолмен жүрсе, оны адастырмаймын, әрі күпірден

де аулақ етемін. Олар үшін ешқандай қорқыныш пен

қайғы жоқ. Ақырында мәңгілік Жаннатқа барады.

Кімде-кім тура жолдан тайып, шайтанға ілессе, ол

дүниеде де, ақыретте де қасірет шегеді. Мен оларды

мәңгілік жаһаннамға тастаймын»

55

.

Яғни адам баласын Хақ тағала ардақтап жаратып,

жер бетіне халифа етті. Ақыл мен жүрек берді. Оған

қарсы келген шайтанға төтеп беруі үшін пайғамбарлар

арқылы тура жол сілтеді. Адам ата мен Хауа ана арқылы

басталған сынақ қияметке дейін жалғаспақ.

Тыйым салған ағаштың жемісінен жеу

Христиандар Адам ата мен Хауа ананың ағашқа

қол созғанын үлкен күнә санап, сол күнә дүниеге

келген әрбір нәрестенің бойында қалып, қияметке

дейін жалғасады деп түсінеді. Алайда бұл Ұлы

Жаратушының адамзатты жарату хикметіне сай кел-

мейді. Өйткені Жаппар Ие адам баласын Өзін танып,

тек өзіне ғана құлшылық қылсын деп сынау үшін

жаратқан. Ақырында, ізгі амал жасағандарға сый-си-

япат, жамандық істегендерге азап беріледі. Ендеше,

Исламда

«Біреудің күнәсін біреу көтермейді»

56

.

Яғни

55

«Таһа» сүресі, 123

56

«Әнғам» сүресі, 164