29
Адам ата (а.с)
жұмыр басты пенде тәкаппарлықтан айығады. Міне,
хазірет Адам осы билік дейтін алапат күштің қатерлі
сәтінен аман қала алмайды. Ол шамасы халифалық мін-
детті мәңгілік атқарғысы келген. Ібіліс оның осы осал
тұсынан ұстайды. Негізінде, оның да бойында осындай
сезім бар. Ол әуелі адам жаратылмай тұрғанда саналы
жандардың ішінен жалғыз өзі қара үзіп шығып, асқан
тақуа атанып, періштеліктің жоғарғы шыңына жеткен.
Ол осы лауазымының бәріне нәпсілік үстемдікпен
қараған. «Менде ғана болса» деген өзімшілдігі хазірет
Адамның өзінен жоғары тұруын қаламады. Биліктің
бас айналдырар ұшар шыңынан айырылғысы келмеді.
Ол халифалық биліктің Адамда болуын көтере алмады.
Жоғары лауазымы оны тәкаппарлыққа ұрындырды.
Екіншіден, оның бойында да мәңгілік өмір сүруге деген
сезім бар. Оның
«Маған олардың қайта тірілетін
күніне дейін мұрсат бер»
46
деуі осыны көрсетеді.
Кейін жер бетіне түскен шайтан қияметке дейінгі
хазірет Адамның нәсілін осы осал тұсынан ұстап, бір-
біріне айдап салған еді. Жердегі адамдардың бір-бірі-
мен билік үшін қырық пышақ болып қырқысуы, бірінің
жерін бірі жаулап алуы, т.б. бәрі де соның белгісі.
Адам мен Хауа анаға тыйым салынған ағаштың
қандай ағаш екендігін нақты айтылмаған. Ислам
ғұламаларыарасында ол туралы«нәсіл, ұрпақ» «бидай»,
«жүзім» немесе «інжір ағашы» деген көзқарастар бар.
Десе де, нақтысын білмейміз. Өйткені Аллаһ тағала
ол ағаштың есімін бізге нақты айтпаған. Хақ тағала
жұмақта Адам атаға үлкен ерік нығметін берумен қатар
шағын тыйым да қойған еді. Егер бұл тыйымға құлақ
аспаған жағдайда өздеріңе зұлымдық жасағандардан
46
«Ағраф» сүресі, 14