Previous Page  24 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 352 Next Page
Page Background

24

Пайғамбарлар тарихы

Иә, шайтан адам баласын саңылау қалдырмай қамап

ұстап, қарға адым жерін қараңғы түнекке айналдыруға

тырысады. Шайтан кейде адамның алдынан келіп, оның

алға ұмтылысын, болашаққа деген сенімін жоғалтып,

ақыретке деген талпынысын ойрандайды.

Ібіліс тәубе етудің орнына тәкаппарланып, Хақ

тағаланың халифа етіпжаратқан адамбаласын азғыруға,

жолдан тайдыруға барынша күш салатындығын айтты.

Міне, осы кезде ол Хақ тағаланың рақымынан жұрдай

болмақ. Өйткені Аллаһ тағала алғаш рет оған «Шық»

деген әмірінде мәңгілік қуылу мағынасыжоқ еді. Екінші

рет айтылғанда, біржолата қуылып, мәңгілік азапқа

душарболды.Міне, Ібіліс соданбері әлі күнге дейін адам

баласын азғырумен келеді. Әсіресе, қияметке жақын

қалған мына заманда Ібіліс жер бетіне патшалығын

құрып, өзіне берілген мұрсаттың бітуге таяп, мәңгілік

азаптың құшағына енуге санаулы жылдар қалғанын

сезіп, бәлкім, бұрынғыдан да бетер ашу-ызаға булығып,

жер бетін дүрліктіріп, адам баласын жаппай азғырып

жатқан шығар. Ендеше, адамдар еркіне ие болып, Ібіліс

құлаған биік шыңнан құлдиламас үшін өзіне берілген

нығметтерге шүкіршілік қылып, Ібіліске аңдаусыз еріп

кетуден сақ болуы тиіс. Һәм адам баласы мынаны есте

тұтқаны жөн: Ібілістің бұл сорақы әрекетін жөн көріп,

өзінікін дұрыс санаған адам шайтанның соқпағына

қалай түсіп кеткенін байқамай қалады. Сол себепті

сөзсіз түбіне жетпей қоймайтын қыңыр мінез, қисық

әрекеттен арылып, өзін жөнге салғаны дұрыс

32

.

32

Елмалылы, 4/22.