Previous Page  21 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 352 Next Page
Page Background

21

Адам ата (а.с)

ден келіп сұрайды екен. Күндердің күнінде одан да

тақуа адамдар пайда болыпты. Олар тіпті бұрынғы

ғұламаның қателіктерін таба бастайды. Елдің назары

енді жаңа ғалымдарға ауады. Бұдан кейін жиын-тойдың

барлығында ел солардың аузына қарайды. Осы кезде

әлгі тақуа ғұламаның ішіне қызғаныш құрты түседі.

Ақыры, әлгілерді көре алмай күндеп, олардың қателігін

табу үшін, шариғат заңына қарсы келуге дейін барады.

Бар мақсаты – өзінікін дұрыстау. Өзінің беделін қайта

жинаудың жолында дінге қалай қайшы келгенін білмей

де қалады. Бара-бара діннен де шығып қалады. Әһлі-

кітап та осылай болған-ды. Олар Аллаһ елшісін өте

жақсы танитын. Бірақ, әрине, иманға келудің жөні бір

бөлек те, оны танудың жөні бір бөлек. Олар танып-

білгендерімен қызғаныш пен күншілдіктері иманға ке-

луіне кедергі келтіреді.

Міне, Ібіліс те жаһаннамға кететінін біле тұра,

қызғаныштың қызыл итіне таланып, ашуын ақылға

жеңдіре алмай, «Мен Адамнан артықпын»,

деп, өзін

жаратқан Хақ тағалаға қарсы шықты.

Атап айтқанда, Ібіліс мынадай үлкен қателіктер жі-

берді:

1. Ібіліс ең алдымен өзінің міндетінің құлшылық

пен мойынсұну екендігін, осы екі міндеттің негізі кіші-

пейілділікте жатқанын біле алмай, Хақ тағалаға өрескел

түрде қарсы шықты.

2. Аллаһ тағаланың «адамға сәжде ет» деген әмірі

оған міндетті бола тұра, осыны орындауға оның нәпсісі

жар бермей, өзінің оттан, ал Адамның топырақтан

жаратылғанын, өзінің одан үстем екендігін дәлелдеуге

тырысты. Осы тырнақтың кіріндей уәжін алға тартып,