22
Пайғамбарлар тарихы
адамға тағзым етуден қашты. Аллаһтың әміріне қарсы
келіп, алғаш рет оңбай адасқан да осы Ібіліс болды.
3. Ібілістің «Мені оттан, Адамды балшықтан
жараттың» дегені дұрыс. Бірақ осы дұрыс үкімді айта
отырып, от пен топырақты салыстыра келе, «отты
топырақтан артық» деп қате топшылауға барды. Яғни
ол, бір жағынан, Аллаһтың жаратушы екендігін мойын-
даса, екінші жағынан, менмендігі мен тәкапппарлығын
жеңе алмай, назарын түгелдей жаратылған затқа ауда-
рып, ерекшеліктің барлығын соған үйіп-төкті. Бірақ
ол Аллаһ тағаланың Адамды жаратуындағы мақсатын
қаперіне де ілмеді. Оны жерге халифа етіп жаратқан
соң заттардың атауларын (мәні мен мағынасын) үйрету
арқылы адамға өзгеше бір ерекшелік берілгендігін
көргісі келмеді. Яғни ол Адамда топырақ, өзінде оттан
басқа ешқандай ерекшелік жоқ деп ойлады. Осылайша
«Тіріден өліні, өліден тіріні шығарған»
25
және де затқа
әр түрлі ерекшеліктер беретін Аллаһ тағаланы тым тар
түсінікпен шектеген. Яғни Аллаһ тағала топыраққа
ешқандай ерекшелік бере алмайды, ол сол күйі топырақ
болып қала береді деп ойлаған. Алайда топырақ пен
отқа өзіне тән ерекшеліктерді кімнің бергенін парықтай
алмаған
26
.
Шынтуайтында, отқа қарағанда топырақтың ере-
кшелігі басым. Себебі, топырақ – өмірдің қайнар
көзі. Барлық тіршілік топырақтан өрбиді. Сондықтан
топырақта Аллаһ тағаланың «теңдессіз жаратушы»,
«толассыз рызық беруші», «шексіз шебер» сияқты
есімдері мен сипаттары көрініс тапқан. Яғни, топырақ
25
«Әли Имран» сүресі, 27.
26
Елмалылы, 3/2132-бет