Previous Page  18 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 352 Next Page
Page Background

18

Пайғамбарлар тарихы

тәкаппарланды. Өзінің қатесін түсініп, тәубеге

келудің орнына ішін өрт шалған Ібіліс: «Мен одан

артықпын. Мені оттан, оны балшықтан жараттың»,

«Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба?»

20

деп одан сайын кергіді. Өйткені, ол өзін ең ардақты жа-

ратылыспын деп білетін. Осылайша Ібіліс өзінің бағын

байлап, өз жолын кесті.

Оның бұл әрекеті Аллаһтың рахымынан қуылуына

себеп болды. Өйткені ол таяз санасыменшынайы сырды

көре алмады. Өз сезімдеріне беріліп, нәпсісінің жетегін-

де Аллаһтың әміріне құлақ аспай, өзінен жаратылысы

бөлек адамды Аллаһтың періштелерден де, өзінің бол-

мысынан да артық қойып, әспеттегенін көтере алмады.

Хазірет Адамға сәжде жасау бұйрығы тек шайтанның

өзіне ғана емес оның нәсіліне де қатысты еді

21

. Белгілі

уақытқа дейін мұрсат сұраған шайтан қателігін мойын-

дап тәубеге келмеді.

Құранда Ібілістің

«алаулап тұрған түтінсіз оттан

жаратылғандығы»

22

айтылады. Ендеше ол періште

емес. Періштелер нұрданжаратылған. Ібіліс жер бетінде

адамнан бұрын өмір сүріп жатқан жындар нәсілінен еді.

Ол алғашқыда жер бетінде өмір сүрген. Кейін дәрежесі

көтеріліп, періштелердің өзі қызығатын биікке жетті.

Кейбірәлсіздеректердеолбұрынжербетіндеөмірсүрген

жын ретінде сипатталады. Тақуалығы сонша жер бетін-

де ол табан тіреп, құлшылық қылмаған тоқымдай жер

қалмаған. Кейін көкке көтеріліп періштелердің ұстазы

болған. Ол ұзақ жылдар бойы періштелердің арасында

болды. Олармен бірге Хаққа үзбей құлшылық етіп келді.

20

«Ағраф» сүресі, 12; «Исра» сүресі, 61

21

Елмалылы, ІІІ, 2129

22

«Хижр» сүресі, 27