Previous Page  15 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 352 Next Page
Page Background

15

Адам ата (а.с)

білушісің, өте данасың», – деді»

13

. Осы уақытта Ұлы

Жаратушы: «Ей, Адам! Оларға бұлардың аттарын

баян ет, – деді. Сонда (Адам а.с.) оларға заттардың

аттарын айтқан сәтте, Аллаһ: «Мен сендерге көктер

мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес

істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?»

14

–

деген

еді. Осы аяттарда баяндалғандай, періштеге қарағанда

адам баласының деңгейінің жоғары тұратынын көреміз.

Себебі адамның ең ұлы міндеті – Аллаһты танып-білу.

Осылайша Аллаһ тағала періштелерге қарағанда

Адамға мол ілім беріп, мәртебесін жоғары етіп жарату

арқылы оның халифалыққа лайықты бірден-бір жараты-

лыс иесі екендігін аңдатады. Әлбетте, адам баласы ілімі-

мен былайғы жаратылыстан үстем. Адам баласының

халифа деген атқа лайықты болуының басты шарты –

ілімді меңгеріп, пайдасына жаратуы. Міне, сонда ғана

адам баласы Аллаһ тағаланың үкімдері мен шариғат

шеңберінен шықпай өмір сүре алады. Ал періште-

лерде мұндай қабілет пен қасиет жоқ. Негізінде, адам

білген жаратылыс құпиясының шет жағасын періште-

лер де білетін. Алайда Адамның мерейі олардан бәрібір

үстем. Мұның себебі, періштелерге қарағанда есімдерді

көбірек біледі, һәм ғаламзат пен Хақ тағаланың барлық

есімдерінің ақиқатына бойлай алады. Ол – жұмыр

жердің бірден-бір халифасы. Халифалықтың шарты тек

қана құлшылық етумен және күнәлардан сақтанумен

шектелсе, жер бетіне періштелер әлдеқашан халифа

болар еді ғой

15

.

13

«Бақара», сүресі, 30-32

14

«Бақара» сүресі, 33

15

Хусәйн Жисри. Рисаләи-Хамидия. Стамбул. 1973. 591-бет;

Мухаммәд Али әс-Сабуни. Сафуатут-тәфәсир. 49-бет