13
Адам ата (а.с)
бір тамшы судан (Адам атаның ұрпағын) жаратты»
8
,
–
дейді. Арғы бабамыз жаратылған топырақты Ұлы
Жаратушы адам баласының қияметке дейін ғұмыр ке-
шетін, өзі мекендейтін қара жер бетінен алдыртады.
Ол жай ғана топырақ емес, жер бетінің өзегі мен дәнін
құрайтын топырақ. Яғни жердің барлық элементтерін
қамтыған топырақ.
Сондай-ақ, Аллаһ тағала «Сад» сүресінде адамды
тікелей Өзі құдірет қолымен жаратқандығын айтады
9
.
Аяттағы «Құдірет қолмен жаратуы» адамды жалпы жа-
ратылыстан үстем, ардақты етіп жаратқандығын біл-
діреді.
Адам атаның жаратылуы – Аллаһ тағаланың тікелей
мұғжизасы. Құран кәрімде Адам атаның жаратылуы
хазірет Исаның жаратылуына ұқсас екендігі білдіріл-
ген. «Әли Имран» сүресінде:
«Шын мәнінде, Аллаһтың
қасында (дүниеге келуі тұрғысынан) Исаның жағдайы
(Исаның Мәриям құрсағында әкесіз жаратылуы);
топырақтан жаратып, сонан соң «бол» дегенде бола
қалған (әкесіз тіпті анасыз жаратылған) Адамның
жағдайы сияқты»
10
,
– делінген.
Сонымен қатар, Құранда Адам атаның (а.с.) жара-
тылысы жайлы айтылғанда, адамның жаратылысы да
баяндалады.
Құранда:
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген)
балшықтан жараттық. Сосын оны (Адам атаның
ұрпағын) шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты
жерге (ана құрсағына) орналастырдық. Сосын ол
8
«Фатыр» сүресі, 11, Қосымша қараңыз: «Рұм» сүресі, 20,
«Әли Имран» сүресі, 59, «Кәһф» сүресі, 37, «Хаж» сүресі, 5.
9
Қараңыз: «Сад» сүресі, 75
10
«Әли Имран» сүресі, 59