Previous Page  17 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 352 Next Page
Page Background

17

Адам ата (а.с)

мақұлықты жаратқан Оның құдіреті мен теңдессіз ше-

берлігіне жасалған сәжде еді.

Періштелердің Адам атаға сәжде етіп, құрмет

көрсетуінде үлкен мән бар. Періштелер илаһи әмірді

орындау арқылыжер бетіне халифа болған адамға бұдан

кейін қызмет етіп жәрдемдесетіндіктерін көрсеткен еді.

Яғни Аллаһ тағала күллі ғаламзатты адамға бағынышты

етті. Барлығы да адамға қызмет етуі тиіс болды. Осының

бір белгісі ретінде жалпы ғаламзаттың атынан періште-

лер оған бағынғандығын көрсеткен-ді.

Һәм күллі мұсылман Хақ тағалаға құлшылық

қылады. Бес уақыт намаз – тілін кәлимаға келтірген-

дерге парыз. Намазды құбылаға – Қағбаға қарап оқиды.

Қағбадан басқа бағытқа қарап намаз оқығанның намазы

қабыл болмайды. Қажылықта миллиондаған мұсылман

Қағбаны тауап еткенімен қоймай, соған сәжде қып

жатады. Сөйтсе де бұл мұсылмандардың Қағбаға

сәжде еткенін білдірмейді. Мұсылмандар Қағбаның

алдында оған емес, Хақ тағалаға сәжде қылады. Қағба

– мұсылманның Хақ тағалаға сәжде қылар құбыласы

болса, періштелердің құбыласы хазірет Адам болды.

Ібілістің сәждеден бас тартуы

Хақ тағаланың Адамға сәжде ету жөніндегі

әміріне барлық періштелер мойынсұнды. Тек Ібіліс

қана бас тартқан еді. Құран кәрімде Аллаһ тағала:

«Ей, Ібіліс! Менің бұйрығыма құлақ аспай, адамға

сәжде етуіңе не бөгет болды?» – деді. Ол: «Мені

оттан, оны топырақтан жараттың. Мен, әлбетте,

одан қайырлымын, артықпын, қалай оған сәжде ет-

пекпін, менен артық жаратылыс бар ма?»

19

– деп

19

«Сад» сүресі, 75-76