Previous Page  23 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 352 Next Page
Page Background

23

Адам ата (а.с)

– Ұлы Жаратушының сансыз көркем есімдері мен

сипаттарының айнасы іспетті.

27

Ібіліс осы тәкаппарлығынан Хақ тағаланың

қаһарына ұшырады. Сөйтіп, шайтан Хақ тағаланың:

«Ендеше, дереу ол жерден түс! Сенің ол жерде

тәкаппарланып, паңдануыңа жол жоқ. Қанеки, тез

шық! Сөзсіз, сен малғұндардансың!»

28

деген сөзімен

рахметінен қағылды. Өзін «оттан жаралғанмын және

осы шыққан биік мәртебемнен түспеймін деп ойлаған

Ібіліс бір сәтте барлық абыройдан жұрдай болып,

масқара күй кешті.

Аллаһ тағаланың қаһарына ұшыраған Ібіліс өзінің

өмірде түкке тұрмайтындығын сол сәтте түсініп,

жоқтыққа жұтылудан қорқып, қорлықпен болса да,

өмір сүруді қалап:

«Маған қайта тірілетін күнге

дейін мұрсат бер!»

29

деп, Аллаһ тағаладан қиямет

күніне дейін өмір сұрады. Аллаһ тағала:

«Сен мұрсат

берілгендердің қатарындасың»

30

,

– деді. Ібіліс тәубемен

шүкіршілік етіп азаттыққа жетудің жолдарын іздеудің

орнына:

«Ендеше, Сен мені қаңғыртып, адасуға душар

еткенің үшін, мен де олардың тура жолға түсуіне

барынша бөгет жасаймын. Олардың алдынан, арты-

нан, оңынан, солынан келіп азғырамын. Сөйтіп, Сен

олардың үркердей тобын ғана Өзіңе шүкір еткендердің

қатарынан табасың»

31

,

– деп, адамға деген жауыздығы

мен жаулығын іске асыруға кіріседі.

27

Қ.Жолдыбайұлы. Күдікпен күрес. Алматы. 2006, 62-бет.

28

«Ағраф» сүресі, 13.

29

«Ағраф» сүресі, 14.

30

«Ағраф» сүресі, 15

31

«Ағраф» сүресі, 12-17 аяттар.