Previous Page  20 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 352 Next Page
Page Background

20

Пайғамбарлар тарихы

хазірет Адамды жаратты. Оны бәрінен де, тіпті жын-

дардан да үстем етті. Оның үстемдігін мойындаудың

жалғыз-ақ шарты: оған бағынып, сәжде ету. Аллаһтың

әмірі – осы. Тіпті жындарға да адамға бағынуға тура

келді. Олар осыдан кейін өздерін екінші орынға ысы-

рылып қалғандай сезінді. Бұған төзбеген Ібіліс ақыры

тура жолдан тайқып шыға келді. Ішіне от түсіп,

қызғаныштан тұла бойы өртенді. Оның осы ішіне қыл

айналмайтын қызғанышы, ақыры, оны Аллаһ тағалаға

қарсы шығуға дейін апарды. Өйткені ол өзінен басқа

ешкімнің үстем болғанын қаламады. Сондықтан да ол

өзінің оттан, ал адамның топырақтан жаратылғандығын

айтып, тәкаппарланды. Адамға сәжде ету әмірі кел-

генде, нәпсісі кері тартып, аяғынан шалды. Осы сәтте

оған екі жолдың бірін таңдауға тура келді. Бірі – Аллаһ

тағаланың әміріне мойынсұну, екіншісі – нәпсісінің

қалауынан шықпау. Ол өз нәпсісін жеңе алмаса,

жаһаннамның мәңгілік азабына баратынын біле тұра,

Хақ тағаланың әмірін тәрк етті. Міне, осы сәттен бастап

оның жылдар бойы, бәлкім, ғасырлар бойы Хақ тағала

жолында еткен құлшылығы зая кетті. Яғни әу бастан

жүрегінің түкпірінде қыбыр етпей жатқан жемтік құрт

жегі құртқа айналып, мезгілі келгенде қара шұбар улы

жыландай көкірегін жарып шықты.

Асылында, Ібілістің бұл әрекеті адамдарға ғибрат

болмақ. Яғни Аллаһ тағаланың сынағы тек қана күнәлар

арқылы емес, өмірдің әр түрлі кезеңі мен хал-ахуалда-

ры арқылы да көрініс табады. Мысалы, бұрынырақта

бір асқан тақуа дін ғұламасы өмір сүріпті. Елге көп

көмегі тиіп, қаншама жандардың тура жолға түсуіне

себепкерлік етеді. Бар өмірін қажымай-талмай дін

таратуға арнапты. Елдің барлығы білмегенін осы кісі-