Previous Page  16 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 352 Next Page
Page Background

16

Пайғамбарлар тарихы

Сонымен қатар, Аллаһ тағаланың хазірет Адамды

жер бетіне халифа етіп тағайындауына оның өзге жа-

ратылыс иелерінен үстем ететін төрт артықшылыққа ие

болуы себеп болды:

1. Оны Аллаһ тағаланың өз құдірет қолымен жара-

туы;

2. Адамға Аллаһ тағаланың бізге беймәлім Өз ру-

хынан үрлеп, жан бітіруі.

3. Хақ тағаланың күллі періштеге оған сәжде етуге

әмір беруі.

4. Хақ тағаланың оған барлық есімдерді үйретуі

16

.

Хазірет Адамға сәжде ету

Хазірет Адам атаның періштелерден қандай

қасиетімен, ерекшеліктерімен үстем түсетінін білдік.

Оның осы үстемдігін паш ету үшін, Аллаһ тағала пері-

штелерге:

«Адамға сәжде етіңдер»

17

,

– деп бұйырды.

«Сәжде ету» сөзі араб тілінде «кішіпейілділік таны-

тып, бас ию» мағынасына саяды. Шариғаттық терминде

«маңдайды жерге қойып, құлшылық ету» деген ұғымды

білдіреді. Сол себепті ғұламалар бұл жердегі «сәжде

ету» Адам атанымойындау, оған құрмет білдіру арқылы

Хақ тағалаға құлшылық қылу деп түсіндірген

18

.

Негізінде, бұл сәжде хазірет Адамға емес, Хақ

тағаланың бұйрығына әрі «Адам» секілді ең ғажайып

16

ән-Нубуә әл-Әнбия. Мухаммәд Али әс-Сабуни. Димашқ.

1985. 127-бет; Афиф Абдулфаттах Таббара. Маал-әнбия фил-

Қуран. 32-бет; Мухаммәд Али әс-Сабуни. Сафуатут-тәфәсир.

Стамбул. 52-бет; Фахруддин әр-Рази. Тәфсирул-кәбир. 2-том.

197-бет

17

«Бақара» сүресі, 34

18

Елмалылы Хамди Языр. Хақ Діні Қуран Дилі. 273-бет