14
Пайғамбарлар тарихы
тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға)
сосын оны мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жа
ратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық,
сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа
бір жаратылыс жасадық (жан беріп сөйлеттік)»
11
,
–
дейді.
Яғни бұл аяттан түсінгеніміз, адам жаратылысы
бірнеше сатылардан тұрады. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «
Сіздердің әрқайсыларыңыздың
жаратылысыңыз әуелі ана жатырында қырық
күнде жүзеге асады. Кейіннен ұйыған қанға, одан бір
жапырақ етке айналады. Содан кейін барып оған
періште жіберіліп, жан бітіріледі. Періштеге сәбидің
«несібесін, ажалын, амалын, бақытсыз я бақытты
болатынын тағдырына жазу бұйырылады
»
12
деген
хадисі де бұл аятта айтылған ақиқаттарды құптай
түседі.
Адам атаға есімдердің үйретілуі
Хақ тағала өзге жаратылысқа қарағанда тұрпаты
бөлек, айрықша артықшылықтар беріп жаратқан
хазірет Адамға бүкіл заттардың есімдері мен сипат-
тарын үйретті. Ол жайлы Құран кәрімде былай дейді:
«Аллаһ Адамға (а.с.) барлық атауды үйретті, сонан
соң оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың
рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып
беріңдер», – деді. Періштелер: «Сен пәксің! Біз Сенің
үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине, Сен толық
11
«Муминун» сүресі, 12-14-аят
12
Бухари, Бәдул-халқ, 6; Әнбия, 1; Қадар, 1; Муслим, Қадар, 1;
Әбу Дәуіт, Сүннет, 17