10
Пайғамбарлар тарихы
түседі. Бірақ жындар Хақ тағаланың ұлы аманатын
орындай алмаған. Өзін танып, құлшылық қылсын
деп жаратқанымен, олар өзара жауласып, өздеріне
жүктелген осынау міндеттің үддесінен шыға алмады.
Аллаһ тағалаға құлшылық қылудан бас тартып,
азғындыққа салынды. Осыдан кейін Хақ тағала жер
бетіндегі күллі тіршіліктің жауапкершілігін өз мойны-
на алатын жауапты іске оларды лайық көрмеді
3
. Осы
себепті, Аллаһ тағала жер бетін басқаратын өзгеше
әрі ақылдыжан иесін жаратуды қалады. Аллаһ тағала
жаратуды көздеген тіршілік иесі – адам нәсілі еді.
Хақ тағала адамды жаратпастан бұрын періштелері-
не:
«Мен жер бетінде бір орынбасар жаратамын»,
– деген кезде, (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп,
қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінде, біз Сені
дәріптеп, мақтауда және пәктеудеміз», – дейді»
4
.
Кейбір ғалымдар адамзаттың бүлікке, қан төгіске
бейім тұратынын періштелердің сезгенін мына себеп-
термен байланыстыра қараған:
1. Алдында айта кеткеніміздей, жер бетінде адам-
нан бұрын жындар тіршілік еткен. Олар да адам тәрізді
саналы болмыс еді. Алайда жындар Хақ тағалаға лайық
құлшылық қылмай, жер бетінде бір-бірімен жауласып,
көп қан төккен болатын. Періштелер Аллаһ тағаланың
жын тәрізді тағы бір саналы тіршілік иесін жарататы-
нын естіген сәтте, Жаратушының көздеген мақсаты
мен хикметін білмегендіктен, «олар да жындар тәрізді
қан төкпей ме?» деп күдіктерін жасыра алмаған.
Сырттай қарағанда, періштелер адамның жараты-
луына наразылық танытып, қарсылық білдіргендей
3
Ибн Кәсир, Тәфсир, 1. 70
4
«Бақара» сүресі, 30.