Previous Page  5 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 352 Next Page
Page Background

5

Пайғамбарлар тарихы

кейбірі өз қауымынан аяусыз соққы жеп, қудаланып,

жазықсыз өлтірілді. Олардың қилы-қилы тағдырлары,

бұралаңы мол, шырғалаңға толы өмір жолы, күпірмен

күресі, халықтың санасын ашып, көкірегіне сәуле

ұялатудағы көрсеткен табандылығы мен тартқан аза-

птары, өз міндеттеріне шексіз берілгендіктері – кез-

келген адамды бей-жай қалдырмасы анық.

Асылында, пайғамбарлар жіберілуінің астарында

үлкен мән-мағына, ерекше хикмет бар. Егер олар кел-

месе, не болар еді? Әлемнің жаратылуынан бастап,

ақыреттегі жауапкершілікті, өлімнен соң да өмір бар

екендігін, мейірім иесі Раббымыздың берген сыйлары-

на қалай шүкір ету керектігін, Аллаһ тағаланың қандай

сипаттары барын ақылмен ойлап біле алмас едік.

Аллаһ тағала пайғамбарларына мұғжиза берген.

Сол арқылы оларға (Раббымыздың қалауымен) адам-

зат баласы үшін мүмкін еместей болып көрінген,

таңғажайыпқа толы құбылыстарды көрсету оңай етілді.

Мәселен, Нұһ пайғамбар (а.с.) адамзат тарихында

тұңғыш рет бумен жүретін орасан кеме жасады. Дәуіт

пайғамбар (а.с.) темірді балқытып, сауыт-саймандар

жасап, темірден түйін түйсе, Сүлеймен пайғамбар

(а.с.) Бәлқыстың тағын өзіне көзді ашып-жұмғанша

алғызуы арқылы материалдық денені басқа мекенге

тез тасымалдауға болатынын сездірді. Бірақ бүгінгі

күні бейнені алыстан тасымалдау жүзеге асқанмен,

заттық дене әлі көзді ашып-жұмғанша басқа мекен-

ге тасымалдана қойған жоқ. Мұса пайғамбар (а.с.) аса

таяғымен түртіп, жерден су шығару арқылы жер асты

пайдалы қазбаларына назар аудартқан. Ибраһим (а.с.)

отқа жанбау арқылы отқа жанбайтын элементтердің

барлығына ишарат жасаған. Иса пайғамбар да (а.с.)