Previous Page  4 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 352 Next Page
Page Background

4

Пайғамбарлар тарихы

«Оларға кез-кезімен нәби келді» деп Абай атамыз

айтпақшы, алғаш рет Адам атаның аяғы тиген жер

беті содан бері кезең-кезеңімен келген пайғамбарлар

арқылы ақиқаттың балдай дәмін татып, дұрыс пен

бұрысты таразылап, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны

ажыратып, адами келбетін түзеп отырған. Осы орайда

пайғамбарларды адамзаттың ауған көшін түзеуші,

қоғам болып бір жерде өмір сүрген адамдарға тәртіп

пен әділеттілікті, иләһи үлгі-өнегені, діни ұғымдардың

мәнін үйреткен алғашқы мұғалім десе де болады.

Пайғамбарлар – адамзат баласын көп құдайлық пен

пұтқа табынудан арылтатын, Аллаһ тарапынан келген

уахиларды еш өзгертпестен халыққа толық уағыздап,

Аллаһ тағаланың шариғатын, әмірлері мен тыйымда-

рын ұқтырып, дүниеде әрі ақыретте бақытқа жеткізетін,

хақ жолды көрсетуші айрықша тұлғалар. Олар біз үшін

көшбасшы, иләһи хабаршылар екені хақ. Өз өмірінде

пайғамбарлар көптеген қасиеттерімен дараланған.

Атап айтқанда, елшілердің бойынан адалдық, аманатқа

қиянат жасамау, өтірік айтпау, берген уәдесін орын-

дау, Жаратушыдан басқадан ақы күтпеу, дінді тиісін-

ше халыққа жеткізу (тәблиғ) секілді т.б. ізгі қасиеттер

табылған. Илаһи әмірлерді әуелі өздері қалтқысыз

орындап, сосын өзгелерге жеткізген болмысы бөлек,

Аллаһ тағаланың таңдаулы һәм сүйікті құлдары бола

білген пайғамбарлардың салған сара жолдарымен

жүріп, нағыз парасатты, салиқалы, шынайы өмір салтын

үйрену біздің міндетіміз болмақ. Ал, олар болса, адам-

зат баласының ақиқатты табу жолында аянбай тер төкті,

қиындығы мен жауапкершілігі зор, әлемдегі ең қиын,

ауыр міндетті арқалап, сол міндетті мәресіне жеткі-

зу жолында түрлі ауыртпалықты бастан кешті. Тіпті,