Previous Page  12 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 352 Next Page
Page Background

12

Пайғамбарлар тарихы

«Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін»

6

,

деген еді. Періштелер артынша Адам атаның ілімі

өздерінің ілімінен әлдеқайда терең екеніне көздері

жеткен соң, оның аспанмен таласқан биіктерді

бағындыра алатындығын байқап, өздерінің аз білетін-

діктерін мойындаған-ды.

4. Аллаһ тағаланың періштелермен ақылдасқандай

болып, қандай тіршілік иесін жарататыны жөнінде

хабар беруі арқылы кеңесудің қаншалықты маңызды

екендігін сездіріп тұр. Нақтырақ айтсақ, адам бала-

сын кез келген істі өзара ақылдасып, кеңесіп шешуге

шақырады. Яғни, «Ей, адам баласы, Мен сені жаратарда

періштелерге хабар бергенмін. Ендеше, сендер де өзара

ақылдасып тұрыңдар. Сонда адаспайсыңдар» дегендей.

Осылайша Аллаһ тағала адам баласын қоғам болып,

бір-біріне қол ұшын беріп өмір сүруге үндеуде

7

.

Аллаһ тағала – Ұлы Жаратушы. Оның кез келген

әміріне пенделер тек мойынсұнуы тиіс. Ендеше, адам

баласы Хақ тағаладан пайғамбар арқылы келген әмірді

талдамай, талғамай, орындауы қажет. Яғни илаһи

әмірлерді «мынау менің ақылыма сыймай тұр» деп

қазбалау құлға тән қылық емес. Демек, Аллаһ тағала

осы аят арқылы адам баласын Өзіне қарсы келмей,

әмірін қалтқысыз орындауға шақырған-ды.

Адам атаның (а.с.) жаратылуы

Құран кәрімде адамның жаратылуы жөніндегі

аяттардың барлығында да хазірет Адамның топырақтан

жаратылғандығы айтылады. Ол туралы Құранда:

«Аллаһ тағала сені (Адам атаны) топырақтан, сосын

6

«Бақара» сүресі, 30

7

Фахруддин әр-Рази. Тәфсирул-кәбир. 2-том. 192-195 беттер