Previous Page  11 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 352 Next Page
Page Background

11

Адам ата (а.с)

көрінеді. Шынында, солай ма? Әлбетте, олай емес. Пе-

ріштелер – Құдай тағаланың нұрдан жаратқан құлдары.

Олар пәк жаратылыс болғандықтан, Аллаһқа қарсы

келмейді. Олардың бойында адамдікі сияқты нәпсі жоқ.

Тіпті адам мен жын тәрізді жынысқа да бөлінбейді.

Қашанда Жаратушының әмірлерін мүлтіксіз орын-

дайды. Рухани дәрежесі тұрақты. Олар – ғибадат ба-

рысында рухани ләззат алатын Аллаһтың таңғажайып

жаратылысы. Сондықтан да олар: «онда бұзақылық

істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба?» деп сұраған еді.

Олардың бұл әрекетін Аллаһқа білдірген қарсылығы

деп емес, керісінше, адамды жарату сырына үңілгені

деп түсіну керек. Өйткені олар жындардың азғын жолға

түсіп, қан төккенін көрген соң, дәл солар сияқты біре-

уді жаратудың мәнісін алғашқыда түсіне алмаған бола-

тын.

2. Періштелер өздеріне берілген ілім арқылы адам

баласының да жер бетінде қан төгетінін сезіп еді.

Яғни «Ләухул-махфұздағы» (Сақтаулы тақта: бүкіл

жаратылысқа тән нәрселердің негізгі жады) адам-

зат тағдырына қараған болуы мүмкін. Бірақ олар сол

адамдардың арасынан пайғамбарлар мен әулиелердің

және салиқалы кісілер мен тақуа жандардың қалай

шығатынын ұқпады

5

.

3. Адамға жүрек, ерік, ақыл, сана-сезім, ар-ождан

секілді көптеген қасиеттермен бірге күндестік, ашу-ыза

секілді нәпсіні қоздыратын сезімдер де берілген еді.

Осыған орай, періштелер адамның жамандыққа бейім

тұратынын байқап, «қан төгіп, бүлік шығармайды ма?»

деген қаупін білдіруі де мүмкін. Аллаһ тағала оларға:

5

Фахруддин әр-Рази. Тәфсирул-кәбир. Бәйрут. 1990. 2-том.

150-бет