9
Адам ата (а.с.)
Аллаһ тағала саналы тіршілік иелерінен алдымен
Адам атаны (а.с.), сонан кейін оның серігі – Хауа ананы
жаратты. Адам атаның жер бетіне түсірілгенін Құран
кәрімнен білеміз. Күллі адамзаттың бабасы һәм жер
бетінің алғашқы халифасы
1
ретінде оның өмір жолы
осылай басталды.
Осы тұста жер бетінде Адам ата мен Хауа ана-
мыздан бұрын өмір сүрген басқа тіршілік иелері болды
ма деген көлденең сауал туады. Құран мен хадистер-
ге зер салып, Ислам ғұламаларының көзқарастарына
үңілсек, олардан да бұрын жер бетінде өмір сүрген
тіршілік иелерінің болғандығын сеземіз. Расында, жер
бетінде адамға дейін болмысы бөлек тіршілік иелері
болған тәрізді.
Шамасы, Аллаһ тағала әуелі жындарды жаратқан.
Жер бетін мекендеген жындар жанды-жансыз тіршілік
иелерінің барлығын бір өздері басқарған. Демек, жер
бетіне басшылық (халифалық) ету ісі әуелі жындарға
тиесілі болған.
Құрандағы
«Мен жындар мен адам баласын «тек
қана (мені танып) маған ғибадат етсін» деп жарат
тым»
2
деген аятта да алдымен жындар айтылғанын
көреміз. Демек, бұл жоғарыдағы ойымызды растай
1
Мухаммәд Али әс-Сабуни. ән-Нубууә уәл-әнбия. Бәйрут.
1989. 155-бет; Ахмәд Бәһжәт. Әнбияуллаһ. Мысыр. 1999. 19-
бет
2
«Зариат» сүресі, 56