6
Пайғамбарлар тарихы
небір жазылмайтын кеселдерді емдеп жазу арқылы әр
ауруға ем табуға болатындығын тұспалдаған, т.б. Бұның
барлығы ғажап емес пе?! Осыған қарап «әр пайғамбар
ғаламдық өркениеттің де негізін қалаған» деп айтушы
ғалымдар да жоқ емес.
Пайғамбарларға сену – Ислам дініндегі алты иман
шартының бірі. Бұл сенімнің адамға берері мол. Әрбір
исі мұсылман баласы пайғамбарлардың ешбірін бір-
бірінен бөле-жармай, бәрін тегіс мойындауды өзіне
міндет деп қабылдайды.
Бүгінгі күні бізге жеткенмәліметтерде адамзатқа жі-
берілген«жүзжиырма төртмың» я «екі жүзжиырма төрт
мың» пайғамбардың әрбірінің деректері сақталмаған.
Бізге мәлімі, Құранда аттары аталған пайғамбарлардың
ғана өмір тарихының аңтаңдақ парақтары. Осы орайда
бұл кітап оқырманға Адам атадан (а.с.) бастап, соңғы
елші хазірет Мұхаммедке
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дейінгі
бірқатар пайғамбардың өмірін таныстыруды мақсат
етеді.
Пайғамбарларға шынайы ықыласпен сенген адам
олардың ізгі қасиеттерін өзіне үлгі етеді. Өмірдегі
ақиқаттың салмағын сезініп, адамгершілік мінезден
таймайды.
Ал пайғамбарларға иланбау – Аллаһ тағаланы және
жер бетіне түскен күллі қасиетті кітаптарды мойын-
дамау деген сөз. Өйткені, Ұлы Жаратушының күллі
ақиқаты осы пайғамбарлар арқылы жеткен. Жоғарыда
атап өткеніміздей, олар Аллаһ пен адамзат арасындағы
елшілік етуші дәнекер тұлғалар. Басты міндеті – дінді
жаю. Пайғамбарларға сенбеген, танып-білмеген әрі
оларды сүймейтін адам екі дүниеде де абыройы асқақ,
қадірлі бола алмайды.