Previous Page  3 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 352 Next Page
Page Background

3

Алғы сөз

Байлықтың буына балқып, үлде мен бүлдеге

оранып, саф алтын жалатылған сарайларда емін-еркін

серуендеп, дүрия көрпе жамылып, шалқып өмір сүрген

небір қауым өкілдері Жаратушының жіберген ризық-

несібесін місе тұтпай, тым болмаса, оның қадірін

сезінбей, күпірліктің қараңғы үңгірінен айдай әлемнің

ақиқатына үңілместен, өздері қолдан жасап алған

пұттарға табынып, Аллаһқа серік қосып, Раббысының

рақымынан құр қалғаны тарих беттерінде қаттаулы.

Жалпы алғанда, адам баласы Аллаһ тағалаға

құлшылық ету үшінжаратылғандығы бесенеден белгілі.

Сол үшін оған сана берілді әрі атқаруға тиісті бірқатар

міндеттер пешенесіне жазылды. Сол міндеттердің бірі

– мүлтіксіз құлшылық ету.

Құлшылық – Жаратушыны танудан, өзінің бекер

жаратылмағанын ұғынудан, құл екендігін сезінуден,

міндетін орындауға деген жауапкершіліктен туындай-

ды. Дегенмен Жаратушы Хақ тағала адамды жаратып,

оныжалғыз қалдырып қойғанжоқ. Олардың өз аралары-

нан әр дәуірде осы жауапкершілікті сездіруге, өмірдің

түпкі мәнін ұқтырып, жаратылыстың мақсатын ашып

баяндайтын, адамдарға ақиқатты дәріптеп, тура жолды

нұсқаушы теңдессіз тұлғалар, яғни пайғамбарларды

кезеңімен жіберіп отырды. Демек, пайғамбарлық – кез-

келгеннің маңдайына бұйырмайтын, тікелей Аллаһ та-

рапынан келетін қасиетті міндет.