Previous Page  19 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 352 Next Page
Page Background

19

Адам ата (а.с)

Аллаһ тағала жалпы көктер мен жердегі періштелерге

сәжде ету әмірін берген кезде, ол да солардың арасында

болғандықтан, әмір оған да тікелей қатысты еді. Бірақ

бұл әмір Ібіліске түрпідей тиді. Оның өзіндік сыры бар.

Өйткені Аллаһ тағала хазірет Адамға сәжде ету әмірін

бергенге дейінгі бұйрықтарды орындау Ібіліске ауыр

емес-ті. Оның осы уақытқа дейін қарсылық көрсетпей

келуі барлық сынақтар Ібілістің өз қалауына сәйкес

түсіп отырғандығынан болатын. Ендеше адамның тіке-

лей бас пайдасы мен нәпсісіне сәйкес келген әмірлерді

орындау Хақ тағаланың разылығы үшін жасалған істер

деп айта қою қиын. Өйткені ҰлыЖаратушының әміріне

өз нәпсісінің қалауына сәйкес келген жағдайда ғана

мойынсұнған жанды Аллаһ тағалаға бағынды ма, әлде

өзінің нәпсісіне бағынды ма, ол жағын парықтау қиын

23

.

Сондықтан хазірет Адамға сәжде ету әмірі періштелер-

мен қоса Ібіліске де арналған сынақ еді. Осы кезде ғана

Ібіліс өзінің шынайы бет-бейнесін, жылдар бойы ішке

бүккен тәкаппарлығы мен менмендігін көрсетіп алды.

Сонда ғана періштелер жандарында жүрген Ібілістің

қандай екендігін байқайды

24

.

Ібілістің бұл жердегі қарсылығы қызғаныштан

туды. Ол өзін адамнан үстем санады. Өйткені адам жа-

ратылмай тұрғанда, жер бетінде, бәлкім, ғаламзатта

Аллаһ тағаланың сынағының сырына бойлап, Оны

таныту жындардың міндеті болатын. Ібіліс Аллаһтың

әміріне бағынып, құлшылық қылып, талай сынақтан

сүрінбей өтті. Күллі әлемнің ұстазына айналды.

Аллаһтың хикметі шексіз. Қалаған құлын қалаған сәтте

сынайды. Бұлай дейтініміз, көп ұзамай Хақ тағала

23

Елмалылы. 3/2131-бет

24

Фахруддин әр-Рази. Тәфсирул-кәбир. 2-том. 201-бет