Previous Page  25 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 352 Next Page
Page Background

25

Адам ата (а.с)

Хауа ананың жаратылуы

Хауа ана – алғашқы адам әрі алғашқы пайғамбар

Адам атаның өмірлік серігі.

Құранда Хауа ананың жаратылуы туралы былай де-

лінеді:

«Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан

және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратқан –

Аллаһ тағала»

33

, «Ей, адам баласы! Сендерді бір кісіден

(Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын

(Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен қисапсыз ер,

әйелді жаратқан Раббыларыңнан қорқыңдар»

34

.

Яғни,

әуелі Адам ата, сосын Хауа ананың жаратылғандығын

көреміз.

Сондай-ақ Хауа ананың қалай жаратылғандығына

қатысты Ислам ғұламаларының көзқарастары әр алуан

болып келеді

35

. Кейбірі

«одан оның жұбайын (Хауа

ананы) жаратқан Аллаһ тағала»

деген аталмыш

аятқа сүйеніп, Хауа ананың Адам атаның денесінен

жаратылғандығын айтады.

Мәселен, Ибн Касирдің тәпсірінде былай делінген:

«Адам ата жаннатта бірталай уақыт жалғыз өзі өмір

сүреді. Ол өзін жалғыз сезініп, рухы құлазиды. Бір күні

ұйқығажатыпқайтаоянғанда, алдындаАллаһтағаланың

оның қабырғасынан жаратқан әйел затын көреді. Одан:

«Сен кімсің?» – деп сұрайды. Ол: «Әйелмін», – деп

жауап береді. Адам: «Не үшін жаратылдың?» – дейді.

Хауа ана: «Сенімен тұру үшін», – дейді. Осы кезде пе-

ріштелер келіп, Адам атадан сұрай бастайды. Адам ата

оның Хауа екендігін айтады. Періштелер: «Неге оған

33

«Ағраф» сүресі, 189.

34

«Ниса» сүресі, 1.

35

Фахраддин Рази, ат-Тафсирул-кабир, Мысыр. 1938. 9т.160б.