Previous Page  31 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 352 Next Page
Page Background

31

Адам ата (а.с)

деген жоқ па едім?»

49

– дейді. Аллаһ тағала осылайша

шайтанның сөзіне ергені үшін, сөгіп, ескерту жасайды.

Осы кезде Адам ата мен Хауа ана дереу жаза басып,

жазықты болғанын түсініп:

«Ей, Раббымыз! Екеуміз де

нәпсімізге зұлымдық жасадық. Егер Сен бізге кешірім

етіп, рақым қылмасаң, біз қасіретке ұшырағандардан

боламыз»

50

,

деп тәубесіне келді. Ерекше мейірімді

Аллаһ тағала да олардың бұл тәубесін қабыл етті

51

.

Хазірет Адамның осы кешірім тілеп, шынайы тәубеге

келуі Аллаһ тағаланың шарапатының шексіз екен-

дігі, Адамның және Ібілістің іс-әрекеті арасында

қаншалықты айырмашылық бар екенін көрсетіп берді.

Ғалымдар Адамның бес нәрсемен қуанышқа бөленгенін

айтады. Әмірге қарсы келуін мойындау, пұшайман

болу, нәпсісінен жеру, тәубеге ұмтылу, рақымдылықтан

үмітін үзбеу. Ібіліс те бес нәрсемен бақытсыз күйге

душар болды. Күнәсін мойындамады, тіпті өкінбеді де.

Өзімбілермендікке салып, Аллаһ тағаланы кінәлады

және рақымдылықтан үмітін үзді

52

.

Ібілістің тыйым салған ағаштың жемісін қайткен

күнде де жегізуді көздеген ниеті Адам ата мен Хауа

ананы Аллаһ тағалаға қарсы айдап салып, жаннатқа жо-

латпау еді. Сонда олар дәл өзі тәрізді қуылып, мәңгілік

қасіреттің құшағында тұншығады деп ойлады. Алайда

ол Аллаһ тағаланың шексіз рақым иесі екенін ұмытқан-

ды. Ібіліс олардың жасаған қателіктеріне тәубе ету

арқылы азаптан құтылатындықтарын ойламаған.

Негізінде, ол тәубе ететіндерін білгенде, адамдарға

49

«Ағраф» сүресі, 22

50

«Ағраф» сүресі, 23

51

«Бақара» сүресі, 37

52

Елмалылы, 4/25-26