28
Пайғамбарлар тарихы
салған ағашына жақындамай бойларын аулақ салып,
Аллаһтың әміріне қарсы келуден сақтануы тиісті еді.
Ал шайтан болса барлық күш-жігері мен қайратын сарп
етіп, оларды тыйым салынған ағашқа жақындатып,
тіпті жемісінен жегізіп, Ұлы Жаратушының бұйрығына
қайшы әрекетке итермеледі.
Мәңгілік ғұмыр кешу – адам баласының ең үлкен
арманы. Ібіліс хазірет Адамды:
«Саған түгесілмейтін,
бітпейтін патшалық көрсетейін бе?»
45
– деп алдаған.
Мәңгілік өмір сүру адамның болмысында болғаны
тәрізді, түгесілмейтін патшалыққа иелік ету де адамның
болмысында бар. Жалпы адамды Хақ тағала жер бетіне
халифа етіп жаратты. Ал халифалықтың міндеті – жер
бетін басқару. Билік – адамның ең осал тұсы. Адамның
менмендігі мен өзімшілдігінде де осы сезім бар.
Сондықтан ол осы өзімшілдігіне бой алдырса, ешкімді
көзге ілмей кетеді. Бұндай адамдардың қолына билік
бір тисе, сол арқылы өзін өзгеден үстем көріп, билеп-
төстегісі келеді. Адам ешқашан билікке тоймайды.
Билікті көксеген адам қол жеткізген биігін місе тұтпай,
шыңды бағындырсам дейді. Ең жоғары билікке қолы
жетсе, сол билікті ешкімге бергісі келмейді. Мәңгі
бақи сол тақта отырғысы келеді. Мәңгілік өмір сүруді
қалайтын адам патшалығының да мәңгілік болуын
қалайды. Ол бұл жолда еш нәрседен тайынбайды. Та-
рихта тақ үшін өз баласын да құрбан еткен билеушілер
де аз емес. Бірақ адамның бәрі осындай ма? Әлбетте,
олай емес. Адамға билікке құштарлық Аллаһ тағаланы
таныту жолында пайдалану үшін берілген. Адамның
бойында менмендік бар. Ол сол өзімшілдікті Ұлы
Жаратушы үшін құрбан етіп шалуы тиіс. Сонда ғана
45
«Таһа» сүресі, 120