Previous Page  34 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 352 Next Page
Page Background

34

Пайғамбарлар тарихы

әкесінің күнәсін баласы көтермейді. Өйткені әкесі күнә

жасаса, оны өз еркімен жасайды. Біреу қылмыс жасаса,

жазасын басқалар өтеуге тиіс емес. Бұл – илаһи әділдік.

Ендеше, Хақ тағала не үшін біреудің күнәсін өзгенің

мойнына іліп, оны жазаға тартуы тиіс. Аллаһ тағала

бұндай әділетсіздіктен мүлде ада һәм пәк.

Мәселенің назар аударатын тағы бір жағы: хазірет

Адам атаның бұл әрекетін күнәға жатқызуға бола ма?

Ол пайғамбар емес пе еді? Пайғамбарлардың негіз-

гі ерекшеліктерінің бірі – пайғамбарлықтан бұрын да,

кейін де күнәдан пәк болуы емес пе еді? Олай болса,

олардың жіберіп алған кейбір ұсақ жаңсақтары дініміз-

де «зәллә» деп аталады.

«Зәллә» деп аталатын осы болмашы ұсақ жаңсақтар

пайғамбарлардың дәрежелері мен жағдайларына қарай

орын алады. Пайғамбарлардың осы ұсақ жаңсақтарын

тырнақ астынан кір іздеушілер кешірілмес күнә етіп

көрсетуге ұмтылады. Алайда қарапайым адамдар мұны

жаңсақ ұғып, қате жорымауы тиіс. Пайғамбарлар Аллаһ

тағалаға өзгелерден әлдеқайда жақын болғандықтан,

ізгі істерінің өзіне көңілі толмаса, өздерін жазғырып,

өкініштен өзегі өртеніп, осының өзін қателік санаған.

Сондықтан да олардың дәрежесіне қатысты осы

ұсақ жаңсақтықтарды ағаттық деп қараудың өзі үлкен

қателікке жатады.

Құран кәрім Адам ата туралы:

«Адам Раббысына

қарсы келіп, жолынан адасты. Сосын Раббысы оны

таңдап тәубесін қабыл етті де, оған тура жолды

көрсетті»

57

,

– дейді.

Адам ата өзін сүрінбей жатып, сүрінуден қорғап

қалған Раббысына бет бұрып тәубеге келген еді. Бұл –

57

«Таһа» сүресі, 121-122