36
Пайғамбарлар тарихы
адам баласы осынау өмірде сан жығылып, талай опық
жеп, қателіктерінен сабақ алады. Қайта тұрудың, қалай
шығудың жолын іздейді. Міне, осылардың барлығына
төтеп берудің жолын бабасы Адам көрсетеді. Яғни,
ей, ұрпағым! Өмірдің қалтарыс-бұлтарыстарында
қилы-қилы кезеңдерге тап келуің мүмкін. Шайтанның
азғыруымен кейде тіпті өмірден адасып кетуің де
ықтимал. Міне, сондай кезеңде өздеріңді құрдымға
итермелемей тәубе етіңдер дегені. Тәубе – адамның
қатесін түсініп, енді қателеспеуге іштей бекінуі. Қанша
күнәға батса да, Хақ тағаланың рақымынан үміт үзбей,
өзіне жәрдемдесуін тілеуі. Иә, тәубе – қараңғылықта
адасқан жанның ұзақтан жылтырап, өзіне шақырған
үміт оты. Бағыт-бағдарын көрсеткен көктегі Құс жолы
мен темірқазығы. Жарқын болашаққа қарай қанатын
талдырмай самғатушысы.
Тәубенің қаншалықты үлкен нығмет екендігі
мына хадисте баяндалған:
«Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
бір күні:
«Мұсылмандардан күнәсі бола тұра
Жаннатқа кіретіндер болады», – дейді. Сонда саха-
балар: «Қалайша, Аллаһ расулы?» – деп сұрағанда, ол:
«Мұсылман жасаған өз күнәсін ұмытпай үрейленіп
жүреді. Раббысынашынайытүрдежалбарынады. Осы
арқылы ол Аллаһ тағаланың кешіріміне ие болады».
Хазірет Адамның осы қателігі арқылы адам
баласы жер бетінде өмір сүруге мүмкіндік алды. Егер
ол мүлт кетпегенде, адамзат қазір де жаннатта болар
еді. Ал жаннат – сынақ мекені емес. Сынақ мекені
болмағандықтан, адам баласы толық адам шыңына
жетіп, Жаратушысын танып-біле алмайды. Яғни Адам
атаның жаңсақтығы – жүз мыңдаған пайғамбарлардың
пайғамбарлық шыңдарға, миллиардтаған адамдардың